Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
13
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

ҚР Сыртқы істер министрлігі: Түркиядағы Ресей елшісіне жасалған қастандықты қатаң айыптайды

111

Сонымен қатар, Халықаралық қатынастар Еуразиялық кеңесінің директоры Жанболат Үсенов Facebook желісіндегі парақшасында қайғылы оқиғаның Түркия мен Ресейдің Сирияның тағдырын бірлесе шешу жайлы ұмтылыстардың қарсаңында болғанын атап өтті.

“Дипломаттар арандатушыларға оңай нысан. Мемлекеттің ресми өкіліне шабуыл жасау – президенттің өзіне шабуыл жасаумен тең. Алайда елшілерді президент ретінде қорғамайды. Қорғай ма екен жалпы”, – деп жазды Үсенов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның пікірінше, мемлекеттік емес акторларға “бұдан асқан нысан” табу мүмкін емес. Ол РФ елшісіне бүгін жасалған шабуылдан мемлекеттік акторлар қамдана бастайды, себебі зардап шеккен тарап әрекет етуге міндетті. “Бұған қарсы әрекет те тура осындай болуы мүмкін”, – дейді ол.

Еске салайық, Ресейдің Түркиядағы елшісіне тікелей эфирде қастандық жасалған болатын. Ресейдің Түркиядағы елшісіне шабуыл Түркия астанасындағы заманауи өнер орталығындағы көрменің ашылу салтанатында жасалды. Куәгерлердің айтуынша, мекемеге қарулы адам кіріп келіп, дипломаттың артынан оқ атқан. 62 жастағы дипломатқа мінберде сөз сөйлеп тұрғанда жасалған. Полицейлер оған шабуыл жасаған адамның көзін жойды. Бұл оқиғаны түрік телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз