Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

ҚР Ұлттық банк төрағасы Елбасыға валюта нарығындағы жағдайдың тұрақтағанын айтты

Өз кезегінде Ұлттық банк төрағасы теңгеге шаққандағы доллар бағамындағы өзгеріске әсер еткен факторларды атап өтті.

– Биылғы жылдың 6 айында мұнайдың бір баррелі 27-ден 52 долларға дейін өсті, алайда шілде айында ол 15 пайызға, яғни 52-ден 42 долларға төмендеді. Шикізат экспорттаушы барлық дамушы елдерде де осындай жағдай белең алды. Олардың ұлттық валютасы да Қазақстандағыдай нығая түсті, одан кейін 2-3 пайызға төмендеу орын алды. Теңге шілде айында 4,2 пайызға әлсіреді, бұл – қалыпты түзету.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақталды. Ақша бағамы алда құбылады деген ешқандай болжам жоқ. Бағам еркіне жіберілген жағдайда теңгенің құбылуы, шілдеде орын алғандай, ішкі экономикалық тұрақтылыққа қауіп төндірмейді,- деді Данияр Ақышев.

Сонымен қатар Ұлттық банк басшысы еліміздегі инфляцияны ауыздықтау бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарына тоқталды.

– Жыл басынан бері инфляция 5,2 пайызды құрады. Бұл көрсеткішке валюта бағамындағы өзгеріс те енген,яғни 2015 жылы қыркүйек пен қарашада бағалар күрт өскен кездегі. Оның салдары қазір еңсерілді, жыл соңында үкіметпен болжанған инфляция дәлізі 6-8 пайызды құрайды деген сеніміміз бар, – деді ол.

Кездесу соңында Елбасы ҚР Ұлттық банктің төрағасына бірнеше нақты тапсырма берді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз