Рақымшылықпен босағандарды оқытып, жұмыспен қамтуға барынша назар аудару керек.
Бұл туралы Маңғыстау облысына қызметтік сапары барысында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Берік Бисенқұлов аймақтағы полицияның жедел-қызметінің қорытындысы және келешектегі басым міндеттері туралы өткізген шұғыл кеңесте мәлім етті.
Дәлбековтың айтуынша, аймақтағы криминогендік ахуалдың тұрақтылығына полиция қызметінің материалды-техникалық базасын күшейту де ықпал еткен. Бір жыл ішінде арнайы автокөліктің 45 бірлігі, 217 портативті және 40 автомобильді бейнебақылау алынды. Облыс бойынша 172 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, олардың көмегімен 210 қылмыс ашылып, 30 мың 271 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Ағымдағы жылы облыс әкімдігінің қолдауымен Ақтау қаласының 22 шағын ауданында тағы да 500 бейнебақылау камераларын орнату жоспарлануда екен.
Жиналыста ІІД бастығының орынбасарлары, аумақтық бөліністер басшыларының да баяндамалары тыңдалды.
Министрдің орынбасары Департаменттің жеке құрамына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ІІМ-гі іске асырылуы тиіс шаралары туралы тапсырмасын атап өтіп, өткен және ағымдағы жылда қабылданған жаңа заң нормаларына толығырақ тоқталды.
– Полиция қызметіндегі негізгі бағыты – азаматтарды қылмыстық әрекеттерден сенімді түрде қорғау және құқықтық тәртіпті жоғары деңгейге көтеру,- деп атап көрсетті Берік Бисенқұлов.