Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
11
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

“Путиндікі өтірік, қазақтар ұлы держава болған!” – орыс ғалымы

133

dalanews-kaz1

Александр Агеев

Одан бергі уақытта Путин пікірін өзгертті ме, жоқ па біз білмейміз. Оның сөзі сол жолы Ресей басшысын тікелей тыңдаған күллі орыс халқына тарады. Ал орыс халқы біржақты ойлайды. Біз мұны білеміз. Олар өздерінің көсемдеріне шаң жуытпайды. Олар үшіп Путин пайғамбар. Жоқ, рас қой?!

Бірақ, күні кеше күтпеген жағдай болды. Путин пікірінің күл-талқаны шыққан күн болды бұл. 

Астанада Тәуелсіздік 25 жылдығына орай үлкен шара өтіпті. Шараға Ресейдегі танымал профессор, сол жақтағы Экономикалық стратегиялар институтының директоры Александр Агеев шақыртылған екен. Алекеңе, риза болдық. Айызымызды қандырып айтыпты. 

“Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мұндай мемлекеттің құрылғанына 25 жыл толғандығын білдірмейді. Осыны ұмытпау қажет. Мемлекеттің өзіне 1000 жыл, тіпті ғасырлардан да көп. Сондықтан әр уақытта Қазақстанның күш-қуаты әрқалай болды.

Мәселен, Қасым xан, Есім xандардың тұсында Қазақстан ұлы аймақтық держава дәрежесіне дейін көтерілген. Ресей империясы құрамында да әртүрлі кезеңдер болды. Сосын кеңестер кезінде Қазақстан дербес мемлекет болмаса да, ол мемлекеттің болғанын мойындауымыз қажет», — деген екен Агеев.

Әй, жарайсың!

Мұндағы ғалымның “ғасырлардан да көп” деген сөзіне мән беру керек. Бұл не? Бұл мойындау. Артық-алып қосарымыз жоқ. 

Профессор мұнымен шектелмепті.  “Қазақстан КСРОО құрамында болса да, аймақтағы ықпалды мемлекетке айналған” депті ол.

«Қазақстанның перифириялық мемлекет болғаны жайында айтып жатыр. Мен өзім бұл пікірмен келіспеймін. Себебі ол кеңестер құрамындағы озық елдердің бірі еді. Иә, Байқоңыр, уран және тағы басқа сирек металдар полигондары Мәскеудің қарамағында болды. Дегенмен, 91-ші жылдарға дейін Қазақстан жетекші өндірістік-аграрлық мемлекет болып қалыптаса білді», — депті ресейлік маман.

Мұны естіген Путин қайтты екен? Путин не деді екен? Сайып келгенде Агеев Кремль көсемінің сөзін жоққа шығарып отыр. Ресейде Путинге қарсы келмеуші еді ғой…

3c9aa8bb-4286-4c73-98b9-8dcea1bf4d67_w987_r1_s

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз