Ресей президенті Владимир Путин Ресей мен АҚШ арасындағы сенім деңгейі АҚШ президенті Дональд Трамп қызметіне кіріскеннен бері төмендегенін мәлімдеді. Путиннің бұл туралы телеарнаға берген сұхбаты Кремльдің ресми сайтында 12 сәуірде, АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Мәскеуде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездескен күні жарияланды.
Путин Ресейдің Сирия президенті Башар Асад үкіметі 4 сәуірде бейбіт тұрғындарға қарсы химиялық қару қолданылып жасалған шабуылға жауапты емес деген ұстанымын қайталады. Ол Ресей улы химиялық зат Сирия армиясы көтерілісшілердің химиялық қару жасайтын цехтарын бомбалағанда таралуы мүмкін, немесе шабуылды химиялық қарумен шабуыл жасалғандай етіп көрсетілген болуы мүмкін деп болжайтынын айтты.
АҚШ пен басқа да елдер бұл болжамдарды “шындыққа жанаспайды” деп жоққа шығарады.
Дереккөз: Азаттық