Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Путин Назарбаевқа қандай өтініш айтты? — сарапшы

Саясттанушылар болжағандай, дәл сол күндері Қазақстан Президенті „керісіп„ қалған Путин мен Ердоғанды татуластыру мақсатында араағайындық (ол өте жемісті болды) жасаған сыңайлы.

Шынымен, дәл солай болғандай, өйткені 2016 жылғы тамызда Анкарада Режеп Ердоған, ал Сочиде Владимир Путин Назарбаевқа алғыстарын үйіп-төгіп тастады.

«Сіздің араағайындық миссияңыз өте табысты болды», — ресейлік әріптесі қазақстандық президенттің бітімгершілік әрекетіне осындай жоғары баға берді.

Бірақ бір жарым ай өтпестен, Владимир Путин қайтадан Астанға ұшып келді. Ол шынымен тек Ресей мен Қазақстан арасындағы аймақтық әріптестіктің XIII Форумына қатысу үшін ғана келді ме екен? Әлде бұл сапардың артында одан да елеулі мәселе тұр ма?

redzhep2-e1475663430318

Нұрсұлтан Назарбаев және Режеп Ердоган. Сурет belediyehaberleri.com сайтынан алынды

Жалғыз достықпен тоқ болмайсың

400267_432348576814987_1143654971_n-e1475664670902

Сұлтанбек Сұлтанғалиев

Қазақстандық саясаттанушы Сұлтанбек Сұлтанғалиев Владимир Путиннің Қазақстанға жасаған сапары Ресей үшін қиын кезеңде орын алды деген пікірде. АҚШ-пен қарым-қатынаста кезекті қиындықтар туындаса, өз экономикасының дамуы да көңіл көншітпей отыр.

Дегенмен соңғы келіссөздер, шаралар мен қабылданған шешімдер сипаты Ресей Федерациясының Қазақстанмен экономикалық қарым-қатынастарды тереңдетуге бағыт алғанын көрсетеді.

— Егер ашығын айтсақ, Кремльдегі патша сарайының көптеген лауазымды қызметкерлері мен олардың кеңесшілері алақайлаған бала бақшадағы бүлдіршін іспетті біресе, Беларусь пен оның айлакер көсеміне, біресе, күйгелек Түркияға, біресе арсыз сыпайы Қытайға үміт артып,  қарапайым бір дүниені мүлдем түсінбей отыр.

Көз жетерлік тарихи келешекте

Ресейдің жібі түзу сенімді геосаяси одақтасы әрі экономикалық серіктесі тек Қазақстан болмақ

Алайда заманауи әлемде „аталарымыз бірге соғысты„ деген ғибраты әңгімеге негізделген жалғыз достықпен тоқ болмайсың.

Ендеше, теріскейдегі көршімізге қазақстандық кәсіпкерлердің Ресей аумағындағы мүдделерін қамтамасыз етуде икемдік танытып, олардың бизнесін мейілінше дамытуға жіті көңіл бөліп, өзара сауда және көлік инфрақұрылымы салаларындағы мәселелерді нәтижелі әрі өзара тиімді тұрғыда шешкен жөн, — деп есептейді саясаттанушы.

982c3f9d840feb9ca3dc9da2ebdf2a43-e1475663952248

«Жиырма сегіз панфиловшылар» тамашалау сәті. Сурет akorda.kz сайтынан алынды

Империялар дәуірі 20 ғасырда аяқталды

Атап айтарлығы, Астанадағы кездесудің нәтижелері Ресейдің бұл мәселені жақсы түсінетінін және сенімді серіктесі мен одақтасынан айырлығысы келмейтінін көрсетті. Форумның күн тәртібінің өзі шараның нақты мәселелрді шешуге бағытталып отырғанын айғақтайды. Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы сауда айналымы 2015 жылы 15,5 млрд долларды құраған. Кооперацияның, яғни бірігіп жұмыс істеудің табысты мысалы ретінде Шығыс Қазақстан облысындағы қуаттылығы жылына 120 мың автомобиль шығаратын «АвтоВАЗ» зауытын атауға болады.

Азық-түлікті өзара жеткізу мәселесінде қиындықтар туындауы мүмкін — көп ретте өнім жасырын жолдармен жеткізіледі. Жеке кәсіпкерлер тауарын жүк көлігіне тиеп, шекарадан өте салысымен қлома қол ақшаға сата береді.

— Осы орайда, Еуразиялық экономикалық одақтың ресейлік экономика үстемдік құратын аумақ ретіндегі путиндік кеудемсоқтық форматының ЕАЭО-ға қатысушы басқа елдердің прагматизмі қолдаған Қытайдың батыл тегеурінінің құрдымға кетіруінің маңызы зор.

Ресейдің өндірістік қуатына сәйкес, оның ЕАЭО-дағы болуы мүмкін үстемдігі біртіндеп жойыла бастайды, десек те ол қазақстандық ұлтшылдардың асқынған қиялында көпке дейін қалатын болды,

— дейді әңгімесін жалғастырған Сұлтанбек Сұлтанғалиев.

Бұл тұжырымды Нұрсұлтан Назарбаевтың біздің „Нұрлы жол„ инфрақұрлымдық бағдарламасының Қытайдың „Ұлы Жібек жолының экономикалық белдеуі„ бастамасымен тоқайласуы жөніндегі жоспарға қол қойылды деген сөздері қосымша дәлелдейді. «Біздің Ресеймен бір арнамен жүріп, бірлескен жобаларды жүзеге асырғанымыз жөн болады», — деп атап өтті ҚР президенті.

— Менің ойымша, Еуразиялық экономикалық одақтың даму мүмкіндігі зор, — деген сенімде саясаттанушы. — Бұл жердегі барлық мәселе Назарбаев таза экономикалық жоба ретінде ойластырған ЕАЭО-ны Кремльдің ресейлік тауарларды өткізудің қорғалған нарығын құру жөніндегі қосымша мақсатты орындайтын, Ресей үстемдік құратын әскери-саяси блок ретінде қабылдауына тіреліп отыр. Алайда

саяси және экономикалық сипаттағы заманауи ахуал тұйық аумақта империя сипатындағы кез келген жасырын талпыныстардың сәтсіз болатынын көрсетті

Империялар дәуірі 20 ғасырда аяқталды.

Назардан тыс қалған дүниелер

Ал енді ең бастысы туралы. Әлбетте, екі көшбасшы талқылаған саяси мәселелер БАҚ пен қоғам назарынан тыс қалды.

— Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркия мен Кремль арасындағы қарым-қатынасты тиімді реттегенін көзімен көрген Кремль Қазақстан президентінің бітімгершілік дарынының және мұсұлман әлеміндегі саяси беделінің қаншалықты салмақты екеніне көз жеткізді, — дейді сөзін қорытындылаған Сұлтанбек Сұлтанғалиев. — Сондықтан қазір халықаралық деңгейде Ресейдің „басын ауыртып отырған„ бір мәселе — Сириядағы қақтығысты реттеу екенін ескерсек,

Путиннің Астанаға жасаған сапары мақсаттарының бірі Қазақстан президентін Башар Асад пен сириялық оппозиция арасындағы жанжалға араағайындық жасауға үгіттеуге тырысу болуы әбден мүмкін

Мұндай болжам жасауға негіз де жоқ емес, 2015 жылы Сирия үкіметі мен оппозициясы арасындағы келіссөздердің екі раунды дәл осы Астанада өткен болатын.

Дереккөзі: kaz.365info.kz

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз