АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп ұлының қалыңдығы Кимберли Гилфойлды елші қызметіне тағайындайтынын Truth Social әлеуметтік желісіне жазды.
Трамптың мәлімдеуінше, Кимберли ұзақ жылдар бойы оның жақын досы әрі одақтасы болып келгенін мәлімдеді.
«Оның құқық, БАҚ және саясат салаларында тәжірибесі мол. Сонымен бірге ұшқыр ойы оның Құрама Штаттар мүддесін шетелде де қорғайтын мықты маман екенін көрсетеді. Кимберли Грекиямен екіжақсы қарым-қатынасты нығайтып, қорғаныс, сауда және экономика салалрында біздің мүддемізді қорғай алады», – деп жазды Трамп.
Бұл уақытта Page Six басылымының дереккөздері 55 жастағы Гилфойл мен 46 жастағы Кіші Дональд Трамп кездесуді доғарғанын хабарлаған. Кейінгі жылдары екеуінің қарым-қатынасы жақсы емес екені байқалған, тіпті Трамп резиденциясында жұрттың көзінше жанжалдасып қалған. Ақыры екеуі кездеспеуді ұйғарған.
Еске салсақ, бұған дейін Дональд Трамп келіні Лара Трампты сенатор қызметіне орналастыру үшін Флорида губернаторына қысым көрсеткені мәлім болған. Ай басында Трамп екі құдасын өз әкімшілігіне тағайындағаны хабарланды. Массад Булос (Трамптың екінші әйелінен туған қызының қайын атасы) президенттің Араб және Таяу Шығыс істері жөніндегі аға кеңесшісі болады. Ал Трамптың Иванкадан туған қызының қайын атасы Чарльс Кушнер АҚШ-тың Франциядағы елшісі қызметіне орналасады. Дональд Трамп тіпті, тоғыз миллиардерді болашақ командасына шақырған.