50 жастағы Нұртай Хожанов Түркістан облысына Өзбекстаннан он жыл бұрын көшіп келген. Содан бері Шардарада қой бағатын шопан қыркүйек айында құзырлы орган өкілдерінен қорлық көргенін айтады. Полицейлер тіркеуінен өтуді сұраған сарбаздар өзін полиция бөлімшесіне апарып, ал ондағылар бас салып ұрған екен. Бәріне көрші отарда жоғалған сегіз ешкі себеп.
«Мені тіркеуден өтуімді сұрап, полицияға алып кетті. Барған бойда жұдырық астына алды. Ернім қанап, қолдарым көгерді. Оның бәрі аз десеңіз аузымды скочпен байлап, басыма пакет кигізді. Сөйтіп, жыныс мүшемнен бұрап, допша домалатты. Содан көрші кабинетке апарып сегіз ешкіні ұрлағанымды мойындауын сұрады. Иә, мен қойшымын. Бірақ ешқандай ешкі ұрламағанымды айттым», – дейді Нартай Хожанов.
Нартай Хожанов өзі қарайтын отардан 3 шақырым жерде тағы бір отардың барын айтты. Оның сөзінше, сол отардың иесі Шардара ауданындағы полиция қызметкерінің інісі екен. Міне, сол 8 ешкім ұрланды деп шағымданған. Қатты соққыдан шопан сұлқ құлаған. Содан құзырлы орган өкілдері оны әуелі ауруханаға апарып, кейін туысының үйінде тастап кеткен.
«Олардың соққыға жыққанын ешкімге айтпадым. Жағдайымның ауыр екенін әйелім байқады. Сөйтіп әпкеммен прокуратураға арыз жаздық. Кейін үйіме мені қорлаған Нұрлан Жәрменов келіп, кешірім сұрады. Айтуынша, ұрлықты басқа біреу жасаған. Бірақ бәрі кеш еді. Өйткені дәрігерлер маған өте ауыр диагноз қойды. Ұрпақсыз қалуым мүмкін», – дейді ол.
Жәбірленушінің заңды өкілінің көмекшісі Жадыра Наурызбайқызының айтуынша, желтоқсанда бейнеүндеу жариялап, әрең дегенде прокуратура қылмыстық іс қозғаған. Онда да бір ғана бап көрсетілген.
«Билігін асыра пайдалану» бабына «Азаптау», «Адам ұрлау» баптарының да қосылуын талап етеміз», – дейді Жадыра Наурызбайқызы.
Өмірден баз кештім деген азамат әділдіктің орнауын талап етеді. Құқығымды қорлады деген мамандар қорлады деген ол Нұрлан Жәрменов үстінен арыз жазыпты. Жергілікті прокуратура әзірге бір бап бойынша ғана іс қозғаған.
«Түркістан облысы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасымен Хожановтың арызы негізінде Шардара АПБ-нің қызметкерлеріне қатысты ҚР ҚК-нің 362-бабы, 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркелген. Қазіргі таңда қылмыстық істің тергеу барысы бақылауға алынып, облыс прокуратурасының нұсқауына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жургізілуде», – дейді Түркістан облысының прокуратурасы.
Істі араға үш ай салып қозғады деген прокуратура өкілдері қылмыстық іс баптарын көбейтуі әзірге белгісіз. Оның үстіне, қойшыға қорлық көрсетті деген құзырлы орган өкілі әлі сол лауазымында екен. Ал қойшыға қорлық көрсетті деген құзырлы орган өкілінің лауазымы сол баяғыша дейді жәбірленуші өкілдері.