Қырғызстандағы ресейлік әскери базаның қашан әкететіні белгілі болды, – деп хабарлайды Риа Новости агенттігіне сілтеме жасаған Қазақпарат.
Ресей Қырғызстандағы әскери базаны жабуға, егер Бішкек тарапынан қандай да бір ұсыныс түсетін болса, оны керісінше нығайтуға дайын, – деп мәлімдеді Ресейі президенті Владимир Путин Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен өткізген келіссөздердің қорытындысы бойынша.
«Ресейлік база Қырғызстанның өзінің қауіпсіздігі үшін қажет. Алайда болашақта Бішкек өзінің әскерін дамытып, нығайта түсетін болады», – деді Ресей басшысы.
«Егер Қырғызстан өкілдері «біз өзіміздің әскерімізді күшейтеміз және бізге мұндай база қажет емес деп мәлімдеген күні біз ол жерден кетеміз»,-деді Путин.
«Біз кеңейтілген әскери контингент мәселесін талқылаған жоқпыз. Егер Қырғызстан өкілдері оны қажет деп тапса, біз оны талқылаймыз»,-деп жалғады сөзін Ресей президенті.
Бұл ретте ол мұндай шаралардың қосымша шығындарды қажет ететіндігін де екерте кетті.