Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
5.5
0.00

Путин Флорида штатын неліктен талқандамақшы

Дегенмен, көпті таңғалдырған: Путиннің Флоридада не өші бар? Атом соғысы басталып кеткен жағдайда, Кремльдің дәл осы штатты таңдауының сыры неде?

Флорида – туристерге арналған ел мақтанышына айналған қала, бұл жерде Walt Disney World және Эверглейдс Ұлттық паркі орналасқан. Және Президент Дональд Трамп жиі демалатын Mar-A-Lago курорты бар.

АҚШ Қорғаныс министрлігінің хатшысы Дана Уайт Владимир Путиннің әрекетіне таңғалмайтынын мәлімдеді. Ол өз сөзінде «Америка халқы ел Үкіметінің атом соғысына толық дайын екеніне сенімді болуы тиіс» деп ресейлік қауіп-қатерді пысқырып та қарамады.

Президент Трамптың Флоридадағы иелігі Мар-а-Лагода бірнеше ядролық бункер бар, ел басшысы президенттік постқа келгелі дәл осы жерге бірнеше рет келіп, бақылап кеткен. Мар-а-Лаго 1927 жылы құрылып, корей соғысы кезінде үш құрылғы орнатылған. Жарылғыш құрылғылар сақталған тағы бір база – Трамптың гольф алаңы орналасқан, Уэст-Палм-Бичта. Ал үшінші ядролық қару қоры – Мар-а-Лагоға жақын жерде, президент Джон Кеннедидің тұсында пайда болған деген ақпарат бар. Ол арахис аралында, Палм-Бичтан 10 минуттық жерде орналасқан.

Дегенмен, дәл осы дайындықты сүзгіден өткізген сарапшылар Флоридаға еш қауіп төніп тұрған жоқ дейді. Ядролық қақтығыс орын алып жатқан жағдайдың өзінде Ресей тарапы Флоридаға шабуыл жасамайды деген болжам жасалды.

Мэтью Крониг «Америкалық ядролық стратегия логикасы» кітабында Ресей Федерациясы бірінші болып шабуыл жасамайтынын жазады. Тек АҚШ әрекеттеріне жауап беруі мүмкін дейді. «Мәскеу Монтанада орналасқан Мальстрем авиабазасына, Солтүстік Дакотадағы Минот әскери базасына, Небраска және Уоррендағы әскери базаға шабуыл жасауы ықтимал» деп жазған.

Ал Халықаралық зерттеулер институтының өкілі Марк Фитцпатрик ВВС-ға «бұл әскери стратегия емес, бұл – жолдау. Видео-графикада белгі-нышан бар, бұл – риторикалық қайта ояну» деп баға берді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз