Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Путин бұлқан-талқан”. Қазақстанның АҚШ-қа жалға әскери база бергені рас па?

133

Досым Сәтпаев

Айта кетелік, жуырда Ресей Федерациясындағы Қазақстан елшілігі ресейлік бірқатар басылымдарда Қазақстан туралы жарық көрген материалдардағы деректерді жоққа шығарып, мәлімдеме жасады. Материалда Каспий теңізінің Қазақстан жағындағы порттары АҚШ-тың әуе-теңіз күштеріне жалға берілгелі жатқаны айтылады.

Елшілік бұл арада нақтысында 2010 жылғы Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісім жайлы айтылып отырғанын, бірақ оның әскерге еш қатысы жоқтығын, ол кезде АҚШ Қазақстан арқылы Ауғанстанға арнайы жүк тасымалын жеткізу қызметіне жүгінгенін түсіндіріп айтады. Оған қоса елшілік тура осындай келісімді Ресейдің өзі АҚШ-пен жасағанын да еске салды.

Осыған байланысты ҚР елшілігі ресейлік басылымдарындағы бұл материалдың фейк ақпаратқа жатқызу керек деп санайды.

“Бұрыннан ескертіп келе жатқан нәрсе қазір көрініс бере бастады. Көріп отырғанымыздай, Қазақстанға қарсы ақпараттық шабуыл басталды.

https://kaz.365info.kz/saskhan-yjrek-putin-endi-khazakhstanga-shabuyl-zhasauy-mymkin-sayasattanushy-310737

Алдында ғана Соловьевтің, оның алдында да бірқатар ресейлік тұлғалардың провокациялық мәлімдемелерін естідік. Енді міне, тағы бір жалған айыптау материал. Үдеп келеді. Елшіліктің қылғаны тіпті күлкілі. Дон Кихоттың жел қаққан диірменмен соғысқаны секілді ғой бұл.

Басқа шара қолдану керек. Бұл жеткіліксіз” – дейді Досым Сәтпаев.

Досым бұрын мақтап келген Қазақстан ұстанатын көпжақты саясат кейінгі кездері Ресейдің жүйкесіне қатты тие бастағанын айтады.

«2014 жылдан соң Ресей «өз жағы — бөтендер» деп көп елді сорттай бастады. Осыдан соң Қазақстанның ұстанған көпвекторлы саясаты олардың жынына қатты тиіп жүр. Бірден Ресейге қарсы әрекет деп бағалайды. Салдарынан мызғымас дос ел – Ресей мен Қазақстан арақатынасына сызат түсуде.

Иә, Ресей үшін Қазақстан “өзіміздікі” дегеннен шығып барады. Егер бізді шындап “бөтен” деп айдарлайтын болса, онда қазір боп жатқандардың бәрі ойыншық боп қалады.

https://kaz.365info.kz/armyandar-bilgen-eken-euraziyalykh-ekonomikalykh-odakh-tarajdy-dej-me-312445

Қуырдақтың көкесі әлі алда күтіп тұр. Әсіресе, Қазақстандағы биліктің алмасуы кезеңінде ақпараттық жағынан көп қысым жасалады. Міне, сол кезде көреміз. Ойбайлап жүгіреді бәрі. Еліміздің ақпараттық алаңын кім қорғайды деп шулап, шындап ізденеді.

Бірақ ол кезде кеш боп кетпей ме? Бұл арада біз жау іздеп отырған жоқпыз, мұның бәрі “сана модернизациясын жасаушылардың” ісі. Біздің билік қолынан келгенше әлеуметтік желіні тұншықтырып әлек боп жатқанда, міне олар осылай мұрын астында бейқам әрекет етіп, өсіп-өніп жатыр. Мұны көрмеу үшін саяси көрсоқырлық дертіне шалдыққан болу керек шығар, басқа не деуге болады енді»,

― дейді ол.

Сонда ресейлік басылымдар ақсақты тыңдай, өтірікті шындай қып не деген дейсіздер ме? АҚШ-пен жақсы қарым-қатынас орната бастаған Қазақстан ұнамаған оларға. Басты себеп осы.

Содан әңгімені Елбасының АҚШ-қа сапарынан бастап жібереді. Сөйтіп Вашингтонда Елбасы Трамппен бартер жасапты-мыс.

https://kaz.365info.kz/khuyp-zhibergen-bygattalgan-22-mlrd-dollarga-khatysty-shyndykhtyn-beti-ashyldy-297072

Стати бұғаттаған Ұлттық қордың ақшасы Қазақстанға қайтарылады, ал Каспий теңізінің Қазақстан тарапына АҚШ әскерінің орналасуына рұқсат беріледі дегендей. Әрине, ақылға қонымсыз ғой. Мұндай шешімді Елбасы әрине, өз бетімен қабылдамайды.

Қос көршінің пікіріне құлақ асады. Ал олар әрине, бұған келіспес. Демек, бұл таза фейк ақпарат.  Бірақ бұл біз келтіріп отырған ресейлік басылымдағы сан сандырақтың біреуі ғана екенін еске сала кетелік. Қауіптісі де осы.

https://kaz.365info.kz/senbenizder-ylttykh-khor-akhshasynyn-bygattaluyna-khatysty-malimdeme-zhasaldy-297416

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз