Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
13
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

“Псих ол…”. Күйеуінің тепкісіне шыдамаған әйелі жантүршігерлік суреттерді жария етті

177

Менің күйеуім денсаулығыма үлкен зиян келтірді. Мен бірнеше ай бойы өз өмірім үшін күресуге мәжбүр болдым. Ал әділеттік іздеп, мені қорлаған жолдасымды заң жүзінде жазаламақ болғанда сот органдарының әділетсіздігіне тап болдым.

Олар менің құқығымды қорғай алмады. Тіпті, өздері шығарған шешіммен мені ұятқа қалдырды. Бұл істі өз бақылауларыңызға алып, әділеттіктің орнауын септік тигізулеріңізді сұраймын. Қазақстан әйелдері өзін соққыға жыққан күйеулерінен қорғана алу керек” делінеді зардап шегуші әйелдің жазбасында.

https://kaz.365info.kz/kimge-zhymyndadyn-mamandar-ajeline-khol-koteretin-erkektin-alsiz-zherin-ajtty-290550

Сөйтсе қорлық көрген әйел адамның күйеуі әскер офицері болып шықты. Ол өз әйелінің мұрнын сындырып, бетін түк қалдырмай бұзған. Қатты соққыдан Динараның мойнына да ауыр жарақат келген.

Құқық қорғаушының айтуынша, әйелін сабаған ер адам тиісті жаза алмаған. Сот оған ешқандай айыппұлсыз шартты түрде бір жылға үкім кесті.

“Ол Динараның денсаулығына зақым келтіргені үшін 400 мың төлеуге тиіс болған. Алайда, ол тіпті асығар да емес. Оған салсаңыз, ер адам сот өкілінің алдында айылын жимай,

әйеліне „Жұдырықтарым қатты деп ескерткем саған„ деп айтыпты.

Ол Динарадан үй түгіл, барлық мүліктерді тартып алыпты. Енесі болса, келіншектің бар киімі, әшекей-бұйымдарына дейін сыпырып алып қалған. Динара ол үйден екі баласымен түксіз кетті” , – деп жазды ол.

https://kaz.365info.kz/men-adastym-bastygymen-konildes-bolgan-ajeldin-syry-287158

Мамандар әйел адам денсаулығына орташа зақым келтірілді деп санаған. Бұл шешімдердің барлығына зардап шеккен әйел мен оның қорғаушысы түбегейлі қарсы. Олар бәрібір әділеттікке қол жеткіземіз деп үміттеніп отыр.

“ҚР ІІМ, әскери сот және прокуратура – қорғансыз жанға істегендеріңіз үшін рахмет. Сіздер қорлық көрген әйелді қорғаудың орнына не себепті әскер офицерін көлегейлеп әлексіздер?” , – деп ашынды құқық қорғаушы.

NUR.KZ

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз