Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Прокурор Сейітқазы Матаевтан төлемеген салықты өндіріп алуды сұрады

Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, Сейітқазы Матаев 2011 жылы 56 млн теңгеден астам салық төлемей, мемлекетке шығын келтірген.

2012 жылы Матаев салық органдарына тиісті декларацияларды ұсынбай, 54 млн теңге салық төлемеген. 2013 жылы – 49 млн теңге, 2014 жылы – 52,5 млн теңге және 2015 жылы – 4,6 млн теңге.

Бұған қоса, Матаев Ұлттық баспасөз клубының есепшотына түскен ақшадан жеке тұлғалардың карталық есепшоттарына 50 600 100 теңге, ал заңды тұлғалардың есепшоттарына демеушілік көмек түрінде 5 858 800 теңге аударған.

«Осылайша, Матаев 2011 мен 2015 жылдар аралығында декларация ұсынбау және салық салынатын нысандарды жасыру жолымен бюджетке 216 952 683 теңге мөлшерінде салық төлеуден жалтарды», – деп түйіндеді Е.Құрақбаев.

14641537234jus3

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз