Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Президенттің тапсырмасы шенеуніктердің арасында «тазалау» жүргізуді қажет етеді — Сұлтанов

312
Сурет: regionsamara.ru

Саясаттанушы бұл туралы біздің порталға берген сұхбатында айтып берді.

Тапсырма дұрыс берілді, орындаушы онша емес

— Болат Қылышбайұлы, Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесіндегі  қандай мәселеге баса назар аудардыңыз?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінің толық мәтіні

— Мен президенттің  Қазақстанның басына төнген  үлкен қайғыға бей-жай қарамай,  үнемі барлығын назарында ұстайтынына  өте қуаныштымын. Оның үстіне, әлеуметтік проблемаларға көп көңіл бөледі. Әрине, оның  зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыны 10%-ға көбейту туралы шешімі халықтың еңсесін бір көтеріп тастағаны түсінікті. Қазіргідей қиын жағдайда ең төменгі жалақы мөлшерінде 42,5 мың теңге төлеу туралы шешімді тек қолдауға болады. Сол сияқты сақтандыруы жоқ азаматтарға медициналық көмек беру де көңіл қуантарлық шешім.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесіндегі қолдау шараларының теңдесі жоқ — саясаттанушы

Президент өте дұрыс мәселелер мен  міндеттер қояды. Бұл шағын және орта бизнесті қолдау, көктемгі егіс жұмыстарының маңыздылығы, қала маңындағы және ауылдардағы жұмыссыздықпен күрес. Бірақ мені орындаушылардың қимылының сылбырлығы алаңдатады.

— Сіз бұнымен не айтқыңыз келеді? Нақты мысалдар келтіре аласыз ба?

Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы үндеулерінің бірінде  «пассивті қорғаныс» үшін маскалар, қолғаптар және басқа да құралдар өндірісін жолға қою қажеттігін мәлімдеді. Сонымен қатар, оларды көшелерде тегін тарату керек деді. Нәтижесінде не болды? Маска жоқ, қолғап жоқ, дәріханалардағы провизорлар қазірдің өзінде  жауап беруден жалығып, «ешнәрсе жоқ» деген жазбаларды іліп қойды.

Көшеге маскасыз шығуға болмайды, дүкендерге жібермейді, ал сатып ала алмайсың

Мен маска сатып алуға барғанда, қарапайым маскалар болмады, көп уақыт тағуға жарайтын масканы мың жарым теңгеге алдым. Қазір ондайлар да  жоқ.

Бұл президенттің тапсырмасына тікелей қарсы шығу деп есептеймін

Шын мәнінде, дәкеден таңғыштар жасау  қиын емес. Мұнымен шағын бизнес айналысуы керек еді. Егер өндіріс болмаса, онда оларға рұқсат бермейді немесе мүмкіндік бермейді деген сөз.

Егер қарапайым тапсырманы орындай алмаса, күрделісін қалай сеніп тапсырамыз?

Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесіндегі қолдау шараларының теңдесі жоқ — саясаттанушы

— Кейбір орындаушылар Тоқаевтың қарапайым тапсырмасын орындай алмайды немесе орындамайды. Бұлай болса оларға күрделі проблемаларды қалай сеніп тапсыруға болады?

Мысалы, президент салықтарды және басқа да төлемдерді алып тастау туралы міндет жүктеді. Сондай-ақ агроөнеркәсіптік сектор кәсіпорындарын «егістіктен дүкен сөрелеріне дейін» интеграциялаудың нақты тетігін қамтамасыз етіп,  оларды жеңілдігі бар кредитпен қамтамасыз етуді тапсырды. Мен олардың мұндай мәселелерді шеше алатынына күмәнім бар.

Жақында ішкі істер министрі колонияларда маскалар өндірісін жолға қойып, өз қызметкерлерін қамтамасыз еткенін айтты. Енді әрбір министрлік өзіне өзі көмектесуі керек пе? Әр ведомствода «өзіне қажетті» өндірісті ұйымдастыру керек пе? Карантиндік шараларды ақылмен енгізу қажет болды. Алматы — үлкен агломерация, мен жақында медқызметкерлердің 70%-ы облыста тұратынын оқып, таңғалдым. Яғни

біз қазір оларды қалаға кіру мүмкіндіктерін шектеп тастадық, ал қалада медицинада қызметкерлер тапшы

— Облыста да жұмыссыздар саны артып кетті…

—Иә, президент те солай айтты. Ең алдымен бұл жастарға қатысты. Тоқаев бұл проблеманы шешу үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы»  аясында жұмыс ұйымдастыруды және тіпті бастапқыда қолдау көрсету үшін қаржы бөлуді ұсынды. Бірақ орындаушылардың мұны қамтамасыз ете алатынына тағы да күмәнім бар.

Тағы бір мысал: Тоқаев көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу өте маңызды екенін атап өтті. Ол үшін шағын және орта шаруа қожалықтарын қолдау керек деді. Негізгі шаралардың бірі — ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін арзан дизель отынымен қамтамасыз ету.

Оларға дизель отымен бірге, бензин де керек қой

Ал Үкімет кенеттен Ресейден бензин әкелуге тыйым салады. Мұндай шешімді не себепті қабылдағанын түсіндірсінші? Бензин әкелудің артуы оның арзандауына, ал тыйым салу қымбаттауына алып келеді. Олар отандық бензин өндірушілердің мүдделерін қорғап отырған шығар? Бірақ мұны ауыл шаруашылығы жұмыстары қарсаңында жасау — өте күмәнді шешім.

Бұл уақытта Ресей сарымсақ, пияз, ұн және қарақұмық экспортына тыйым салды. Бұл түсінікті шара, ал бензинді импорттауға тыйым салу — мәнсіз қадам.

Супермаркеттерде пайдаланылған маскалар мен қолғаптарды жинауға және жоюға арналған сауыттар қойды. Еркін сатылымда маскалар да, қолғаптар да жоқ, оларды кім тастайды? Адамдар оларды жуып, қайтадан киеді —

сол арқылы өзінде маска бар екенін көрсетіп, дүкенге кіре алады

Мен қазір ой-өрісі тар адам секілді айтып отырған да шығармын, дегенмен Шерлок Холмс айтқандай «Бұл қарапайым нәрсе ғой!».

Темірдей тәртіп керек

— Енді не істеу керек

— Президент ол дұрыс міндеттер қойып, нақты мәселелерді шешуде. Ал тапсырмаларды шенеуніктіктер аппараты орындайды. Бірақ олардың шамасы жетпей жатыр.

Тоқаев тегін азық-түлік жиынтығын алушылардың тізімін кеңейтуді тапсырды. Яғни өндіру және жеткізумен жергілікті шағын бизнес айналысуы керек, олар осы арқылы ақша табады. Яғни, бұл Токаевтың кәсіпкерлердің  жұмысын тоқтатпау үшін берген мүмкіндігінің бірі.

Бірақ мен  біздің шенеуніктер мұны өздерімен үлестес бизнесті қолдау үшін пайдаланатынына сенімдімін. Немесе басқаларды ысырып тастап, ірі бизнеске береді.

Жалпы алғанда президентің тапсырмаларының орындалуын қадағалауды күшейту керек. Мен Қытайда бірнеше рет болдым, ол жақтағы шенеуніктерден барлығын қалай басқарасыңдар деп сұрадым. Олар бірнеше кеңес берді. Бірақ

 «Ақылдыға — заң, ақымаққа — таяқ» деген сөздері есімде қалыпты

Бұл ретте бұлтартпас жаза қолданылуы тиіс. Бізде көбі сотқа жетпейді, ал кейбіреуі  жазасыз да қалады.  Сондай-ақ «тараптардың татуласуына байланысты» немесе жай ғана салыстырмалы түрде жоғары емес айыппұл төлеп құтылады. Мемлекетті басқарудың қытайлық үлгісінен аларымыз көп. Айтпақшы, Тоқаев оны жақсы біледі. Бұны заңды бұзғандарға белсенді қолдану керек. Қазіргі қиын жағдайда қалтасының қамын күйттегендерді қытайлық үлгімен жазалаған жөн.

Сондай-ақ кадрлық мәселелерді шешу керек.

Шенеуніктер корпусын тазалап, өз міндеттерін атқарғысы келмейтіндер мен атқара алмайтындарды аяусыз қуатын уақыт келді

«Бейбіт уақытта»  оларға көп нәрсе кешірілді, бірақ Президент айтқандай, темірдей тәртіп болуы керек. Егер шенеуніктерде өзін-өзі сақтау инстинктісі қосылатын болса, олар нәтижелі жұмыс істей бастайды. Өз міндетін орындай алмай, оған қоса халықтың қалтасына қолын салса, жазасыз қалдыруға болмайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз