Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Президент әскери жоғары оқу орындарының үздік түлектеріне шен тапсырды

Отанымыздың тыныштығы, еліміздің шекарасының шегеленуі, еліміздің тұтастығы барлығы біздің қарулы күштеріміздің қолында болады. Ертең келген жастарды тәрбиелейсіздер.

Алдыменен оларға аға болып, артынан әке болып тәрбиелеп, өздеріңіз үйренген әскери жаттығудағы білгендеріңізді соларға таратыңыздар. Барлығы отансүйгіш болып өссін. Құттықтаймын!” – деп Қазақстан Президенті үздік түлектерге офицерлік шен тапсырды.

Қазақстан Президенті ҚР Ұлттық гвардиясы әскери институтының, ҚР ҚМ Радиоэлектрика мен байланыс әскери-инженерлік институтының, ҚР ҰҚК Шекара қызметі ЖОО-академиясының, ҚР Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерінің әскери ЖОО-ның, ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы полиция академиясының, ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды полиция академиясының, ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының үздік 12 бітірушісіне офицерлік шен тапсырды.

Назарбаевтың қолынан Дархан Азаматов, Сұлтан Аманжолов, Дархан Бектұрсынов, Ғазез Жанәділ, Жазира Ибрахим, Дарын Қайратов, Эдиль Катиев, Алмас Көшербаев, Олжас Қуандықов, Вадим Муратов, Бағдат Мұқайұлы, Қанат Сағынбек салтанатты түрде погон алды. Сөз соңында Елбасы жас офицерлерге сәттілік тіледі.

“Ал енді сендерге, жас офицерлер, үлкен зор бақыт тілеймін. Еліміз бейбітшілікте өмір сүрсін, шекарамыз мықты болсын. Соғыс өрті ешуақытта жанбасын.

Аспанымыз ашық болсын дегенменен де сендерге елдің тыныштығы, отанымыздың қауіпсіздігі тәуелсіздігіміздің баянды болуы тапсырылады. Өте ерекше міндет, өздерің таңдап әскери адам болып, әскери киім киіп, шен алғаннан кейін осы өмірлеріңді осыған жолдағаннан кейін осы істің шыңына жетіп маман болыңдар”, – деп сөзін түйіндеді ол.

 

Дерек көз:Baq.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз