Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Порно көретін…”. Қазақ қызы сәләфит күйеуінің абыройын төкті

1105

Кедей өскен екен. Әкесінен ерте айырылған. Шешесі үйдегі төрт баланы жалғыз баққан. Ақшалары ас-суынан аспапты. Мектеп бітіре сала Әлина қалаға кетуге асыққан екен. 

https://kaz.365info.kz/korudin-ozi-yyat-kamshat-zholdybaeva-dauysy-zhogyn-bildirip-khojdy-video-323556

Бірақ, мұнда да оны керемет өмір күтіп тұрмағаны анық еді. Лас жатақханада тұрыпты. Тарақандар мен тышқандардың тықырынан түн ұйқысы төрт бөлінген кездер аз болмапты. 

“Жақсы жігіт жолықса шіркін. Күйеуге тисем. Өмірге ұрпақ әкелсем” деп армандадым.
Сөйтіп жүргенде өзімнен 22 жас үлкен еркекті кезіктірдім.
Көмегін аямайтын. Қиналғанда талай рет қол ұшын созды. Әкесіз өстім емес пе, ол мен үшін әкенің орнын басты. Оған бауыр басып қалдым.
Сөйтіп жүргенде “менің екінші әйелім бол, қанаттыға қақтырмаймын, тұмсықтыға шоқтырмаймын” деп ұсыныс айтты. Қалай келісе салғанымды да білмеймін. Иә деппін…”, –  дейді Әлина.

Күйеуінің сәләфит екенін кейін білген. Ести сала оған тиюден бас тартыпты. Күйеуі ақшамен алдаған екен. Кетем деген тоқалын тоқтату үшін өз алдына жеке шығарып, пәтер жалдап беріпті.

 

https://kaz.365info.kz/ysh-ret-tiktirdi-ginekolog-khyzdardyn-zhigitterdi-khalaj-aldajtynyn-ajtty-video-323384

“Амалым қайсы, ақшаны алдым. Үй жалдады. Жағдайымды жасады. Амалсыз көндім. Тоқал болуға көндім. Бірақ, бұдан кейінгі өмірім тозаққа айналды. Күйеуім құрбыларыммен, туған-туыстарыммен араласуға біржолата тыйым салды. Тіпті, менің оқуыма қарсы болды. Есесіне, жұмысқа салатын. Ұзын көйлек кигізіп, жүріп-тұруымды шектеп тастады” , – дейді Әлина.

Күйеуінің хиджаб киесінің деген талабын Әлина орындамай қойған. Бұған ызаланған күйеуі тоқалына ақша беруді сап тыйыпты. 

“Күнделікті жүріп-тұруыма жетерлік ақшаны қиналып зорға беретінді шығарды. Ақша сұрасам, ақталғандай болып әзер алатынмын. Кедей-кепшік болса, бір жөн. Қалталы еркек. Бәйбішесінде бір көлік, өзінің үш көлігі бар еді. Бірінші әйелінен туған үш баласын алып жылына екі рет шетелге барып демалатын…”

дейді Әлина.  

 

https://kaz.365info.kz/shykhpajsyn-salafit-bolyp-ketken-tanymal-anshini-akesi-bajlap-ystap-otyr-292481

Уақыт өте келе төзімі таусыла бастаған. Кінәмшіл күйеуінің тоқалына қояр талабы да көбейе түсіпті.

“Бір жолы қасыңды жұлу – харам деді. Иығыңды жап – харам деді. Көндім. Боқтап сөйлеме, маған дауыс көтерме деді. Оған да көндім.
Бірақ, өзі маған айтқан тыйымның бірде-бірін сақтамайтын. Боқтап сөйлейтін. Телефонынан порно видеолар көретін. Тіпті одан да зорғысы да бар еді. Бір жолы оның алдына түсіп кеткенім үшін желкемнен түйіп жіберді, – дейді ол.
Айтуынша, сәләфит күйеуі оған күні-түні мұсылмандарға арналған аудиокітаптар тыңдатқызған. Күйеуінен әбден көңілі қалса да төзіп жүре беріпті Әлина. Бір жолы тіпті “талақ” етіп тастап кетпекші болыпты. 
 

https://kaz.365info.kz/taza-tokhalmyn-astanalykh-myna-khyz-shynyn-ajtty-322587

Сол жолы отбасын сақтап қалайық деп өзім айттым. Бірақ, екінші ретінде кетіп тындым. Бұған төзу мүмкін емес еді. Сәләфитпен өмір сүру тозақпен тең” дейді қазақ қызы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз