Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Польшадағы Қазақстан елшісінің масқарасы шықты

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті.

Отырыста  Польшадағы Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Алтай Әбибуллаевты мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралды. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Алтай Әбибуллаевқа қызметке сәйкестігінің толық еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдану жөнінде Мемлекет басшысына ұсыныс енгізуге шешім қабылданды.

Елшінің не бүлдіріп қойғаны туралы мәлімет ашып айтылмады.

Алтай Әбибуллаев 2016 жылдың 11-мамырында Польшадағы Қазақстан Республикасының елшісі болып тағайындалған. Алдында ол ҚР сыртқы істер министрлігінің айырықша тапсырма жөніндегі елшісі және ресми өкілі лауазымында болып еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз