Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Полиция көлікті қандай жағдайда тоқтата алады

Сонымен қатар, түрмеден қашқандарды іздестіру бойынша шаралар жүргізілгенде тексеріледі. Басқа жағдайларда біздің қызметкерлер көліктерді тоқтатуға құқылы емес. Сондықтан, полицейлер тек жол ережесі бұзылған жағдайда ғана заңды іс-қимылдар жасай алады», – деді министрдің орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану фактілері орын алған кезде, ведомство жария емес шараларды өткізеді. Осы орайда министрлік өкілдері қызметтік емес көліктермен бекеттерді аралап, жұмыс режімін тексереді.

«Өте қатаң шараларды қабылдап жатырмыз. Командирлерді де, өзге де қызметкерлерді лауазымынан босатудамыз. Алдағы уақытта да осы қадамдарды қатаң ұстанамыз», – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Бұдан бөлек, ол жедел профилактикалық шаралар тұтас ел аумағында жүргізілмейтінін еске салды.

«Шынымен де, біз сот орындаушыларымен бірге айппұлдарды өтеу бойынша рейдтік шараларды ұйымдастырамыз. Бірақ ол жедел профилактикалық шаралар туралы БАҚ-та хабарлаймыз және осы іс-қимылдар өңірлерде шектеулі түрде өткізіледі. Яғни тұтас республикада жүргізілмейді», – деп түйді министрдің орынбасары.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз