“Крышасы бар” “әкімдіктің қызметкері” полицейлердің қолына түсті, – деп хабарлайды patrul.kz.
Осыдан бір апта бұрын “әкімдік қызметкерінің” жол апатында зардап шеккендерді “крышасымен” қорқытқаны түсірілген видео пайда болған еді. “Ой, б…, басқа табыс көзім жоқ дейсіздер ме? Әрқайсымыздың “крышамыз” бар. Барлығыңыз осыны түсінуіңіз керек. Ал өлгенде ғана әрекетіміз үшін жауап береміз”, – деп мәлімдеген еді қыз.
https://kaz.365info.kz/barimizdin-kryshamyz-bar-akimdikte-istejtin-khyz-sojkhan-saldy-18-260144
Көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатыр. Жалғыз анасы бар, ол педагог болып жұмыс істейді екен. Қыздың айтуынша, ол осыдан бірнеше жыл бұрын Талғар қалалық әкімдіктің бір бөлімінде жұмыс істеген. Бірақ жұмысқа орналасқан жылы-ақ, ол әкімдіктегі жұмысынан кетіп, жекеменшік қаржы мекемесіне жұмысқа тұрған. Кейінірек мемлекеттік жұмысқа қайтып келмеген және оған ешқандай да қатысы жоқ.
Бұл жолы ол осы әрекетімен мемлекеттік қызметкерлердің беделін түсіргені үшін барлық мемқызметкерден көзіне жас алып, кешірім сұрады. Салтанаттың айтуынша, ол видеода айтқан сөздеріне расында да өкінеді. Сондай-ақ, Салтанат қазақстандықтардың бұған түсіністікпен қарап, кешіретініне сенеді.
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz