Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Политехтың общягасы секілді». Бір келіншек студент кезінде зорланғанын айтты

276

Ойымда түк жоқ, артынан ілесе шықтым. Сыртта екеу екі қолтығымнан демеп, аяғымды жерге тигізбей, сүйрелей жөнелді.

Шошып кеттім. Айғайға бастым. Сол кезде біреуі аузымды қолымен жапты, ал екіншісі немен ұрғанын білмеймін, басымнан сарт еткізді. Есімді жисам көлік ішінде келеміз.

Олжалы топ у-ду. Бар үмітім таксишіде.

– Ағай, жібер деңізші мыналарға, олар мені зорлап әкетіп барады, – дедім жыламсырап.

Ол үнсіз. Қасында отырған бір жігіт: «Қалай екен, Шудікі ғой, өзіміздікі» дейді. Кейіннен түсіндім. Ол кісіге шөптен беріп малдандырып қойғанға ұқсайды.

https://kaz.365info.kz/iliyas-meni-zorlady-ma-ykhpaj-khaldym-294279

«Мынаған дауа жоқ, аузын байла» деді біреуі. Құдды доп секілді мені қақпақылап, қаумалап бір есіктен кіргізіп, баспалдақпен алып өтті топ жігіт. Иә, жатақхана. Вахтер білмесін деген секілді. Аузымды да жапқандары сол. Сөйтіп бір бөлмеге келіп кірдік. Мана дискотекада шақырып алған жігіттің өзі. Басқалары есіктің сыртында қалды.

– Өзің шешінесің бе, әлде шешіндірейін бе, – деді ол. Сол кезде есіктің тоқпағы тіптен үдеп кетті.
– Көрдің бе, өз еркіңмен берілсең, менімен ғана боласың. Ал берілмесең, ананың барлығы кіреді.

Жылап жібердім қыстығып. Басым салбырап кеткен, не істерімді білмеймін. Ал ол болса шешініп жүр. Тоқпаққа жауап болмаған соң есіктің сыртындағылар айғайға көшті. Ол есікті ашып, сыртқа шықты. Ойланып тұруға мұрша жоқ. Зып беріп, балконға шықтым. Ұстағышы темір екен. Сол темірден ұстап төменге қарай салбырадым. Жіберейін десем, жүрегім дауалмайды. Есік ашылды, оның бөлмеге кіргенін аяғының дыбысынан білдім. Енді шегінерге жер жоқ. Қолымды жібере салдым.

Жеңіл болғаным құтқарды. Ол кезде 42 келі едім. Тұрдым да тұра қаштым. Ол да балконға атып шықты. Мені көрді де ол да секірді. Ұмытпасам үшінші қабат болуы керек. Қас қылғанда көшеде адам түгілі көлік те жоқ. Қашып келемін. Ақсаңдаған әлгі ақыры қуып жетіп, үстіме құлай кетті.

https://kaz.365info.kz/meni-zorlady-kharagandy-oblysynda-bir-kelinshek-tugan-akesinin-ystinen-shagymdandy-284939

– Не деген өлермең едің, жібере салсаңшы мені, – дедім оның құшағында тұншығып. Оған ол қарқылдап күлді.

– Өлермең деймісің, сен мені білмейді екенсің, менің тырнағыма ілінгендер ешқашан оңайшылықпен құтылмайды, – деді екіленіп.

Сөйтіп құшақтаған күйі қайта кері сүйрей жөнелді. Балконда аңталаған өңшең еркек. «Жіберме, жіберме» дейді. Қызық көріп тұрған секілді бәрі. Ақ жаймадан жасалған арқанды лақтырды. Сонымен мені қайтадан жоғарыға алып шықты. Енді топ еркектің ортасында қалдым.

– Неге секіресің балконнан? Өліп қалсаң қайтесің? Сені біреу мұнда зорлап әкелді ме, – деді арасындағы ересектеу біреуі. Төмен салбыраған басымды жұлып алдым.
– Иә, зорлап әкелді. Басымнан ұрып, талдырып тастады мыналар…

Ары қарай сөйлетпеді. Сұрақ-жауапқа көштік.

– Сонда қай жерде, үйде отырған жерінен талдырды ма?
– Жоқ, дискотекада жүргем…
– Ал ол арада неғып жүрсің, отырмайсың ба сабағыңды қарап үйіңде
– Енді… Кешіріңіздер мені, қарындастарыңыз бар шығар мен секілді, енді дискотекаға бармаймын, – деп жалынуға көштім.
– Біз саған тиіспейміз, қыз құрып қалып па Алматыда. Ал мынаумен келдің бе өзің, осымен кет. Шатағымыз жоқ, – деп топ еркек тарап кетті.

Ал ол болса дөдеңдетіп қайта бөлмесіне алып келді. Кіре салып, балконды тарс бекітіп, алдын үстелмен көлегейлеп тастады.

https://kaz.365info.kz/zorladym-sosyn-oltirdim-17-zhastagy-baldyzyn-oltirgen-erkektin-sozi-256895

– Қорықпа, қыз болсаң аламын, – деді ол. Мен де қарап қалмадым.
– Қыз болсам алам дейсіз бе? Иә, қызбын, маған тиіспей-ақ қойыңызшы. Сізбен жүрем, жігітім болыңыз, содан өз еркіммен қосылайын , – дедім.
– Қусың, иә. Мына арадан шыққан соң сен енді маған құйрығыңды да ұстатпайсың.

Тура осы кезде Ораза айы басталатыны сарт етіп есіме түсті.

– Ертең Ораза ғой, білесіз бе? Бір рақымшылық жасаңызшы маған, – деп жалындым енді. Ол ыза боп кетті. Төсекке алып ұрды.
– Оттама, ұқтың ба? Өзіңнен көр, зорлауға тура келеді сені, – деп шешіндіре бастады.

Менде енді айғайға басудан басқа шара қалмады. Ол ештеңеге қарамады, өз ісін тындырып, теріс қарап жатып қалды. Ол қалың ұйқыға кеткенде мен киініп сыртқа шықтым. Вахтада ешкім жоқ. Вахтер де ұйықтап жатқан секілді. Есіктен шыға қазір әлгі оралып ұстап алатын секілді алды-артыма қарамай тұра қаштым.

Политехтың общягасы секілді. Сол кезде бір рет артыма үңіліп, есікке қарай салуым керек пе еді деп өкінем. Милиция шақырып, өздерін бір сорлатқанда ғой деймін. Баламын ғой, ешкімге ештеңе айтпадым, іштей жылап жүрдім.

Айтқандай ондай есімі – Мұрат.

Кейін өз бақытымды кездестірдім. Қазір балалы-шағалымын. Ал мұны студент қыздарға сабақ болсын деп жазып отырмын. Дискотекада, жалпы бөтен біреуді көрсеңіз өте сақ болыңыз!

Зәуре, Алматы облысы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз