Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Пластикалық ота жасатқан әйелдің өлімі неден болғаны белгілі болды

«Ол ауруханаға сіреспе синдромымен түскен. Әйел адамның ағзасында жансыздандыру құралына (анестезиология) реакция болған. Барлық материалдар ІІД-ге өткізілді. Департамент процессуалдық тәртіпте сараптама тағайындамақ. Соның нәтижесінде отаның барлық мән-жайы анықталады», – деді департамент басшысы Айзат Молдақасымова.

Алдын-ала ақпарат бойынша, марқұм әйел отаны «NOA Пластикалық және лазерлік косметология» емханасында жасатқан. Емхана басшылығы бізге түсініктеме беруден бас тартып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 30 жастағы әйелдің пластикалық отадан соң көз жұмғанын өткен апатада хабарлаған болатынбыз.

Осындай қайғылы жағдай Алматыда екі жыл бұрын да болған еді. Украина азаматшасы Дана Агамұрадова липосакция (іш майын алғызу) жасатпақ болып, жекеменшік емханалардың бірінде ота жасатқан. Алайда әйел отадан кейін есін жимаған күйі дүниеден өтті. Қазір ота жасаған хирург Дмитрий Писарев сот алдында жауап беріп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз