Алматы, Атырау, Ақтөбе, Орал қалаларында пластикалық ота жасап жүрген хирург Ибрагим Браловқа жыныс алмастыруға қатысты өтінішпен келгендер бар.
“Менің тәжірибемде ондай оқиғалар болды. Өтініш айтып, бір-екі адам келген шығар. Ол адамдармен әңгімелесіп, тек өзіне сенімді болуға кеңес береміз.
Себебі біз ондай оталар жасамаймыз, оған аппараттарымыз да жоқ. Иә, екі жігіт келді. Сырт қарағанда өте сымбатты, еш күдік туғызбайды.
Оның бірі Алматыдан, екіншісі Ресейден. Қателеспесем алматылық жігіт 24 жаста, ұзақ сөйлестім. Ойынан айнытуға тырыстым.
Екіншісі Ресейден келді. Ол 30 жастан асқан ер адам”, – дейді дәрігер Ибрагим Бралов.
«Трансгендерді ұнатады». Әйелінің шулы жазбасынан соң қазақ олигархы ажырасатынын айтты
Дәрігер жыныс мүшесін өзгертетіндердің қалған өмірі мүгедектің тірлігінен кем болмайтынын жасырған жоқ.
“Әр адамның өз құпиясы болады. Ол көп ашыла бермеуі де мүмкін. Өз көршіміз туралы да ештеңе білмей жатамыз.
Ондай қадамға барған адамдар өмір бойына гормонмен отырады.
Үлкен көлемдегі гормондар керек болады. Мен мұндай оталарды қолдамаймын. Маған адамдарға сұлулық сыйлаған ұнайды.
Жаңағыдай өтініш жасады екен деп адамдарды мүгедек қылуға келіспеймін”, – дейді Бралов.
«Дәмін татып көрдің ба?». Мәдина Сәдуақасованы шарапқа теңеген сазгер желіні шулатып тастады