Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Құпияны айтып қойған”. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы ұсталды

“Жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында 2016 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 185-бабының 3-бөлімінде (“Мемлекеттік құпияларды жария ету”) және 362-бабының 3-бөлімінде (“Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану”) көзделген қылмыстарды жасауға күдіктілігі бойынша Дүтбаев Нартай Нұртайұлы, Хасен Нұрлан Болатұлы және Нұртаев Ерлан Сүйімбайұлы ұсталды”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, осы аталған тұлғалардың Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабының тәртібінде ҰҚК уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланды. Күдіктілер мен олардың туыстарының тұрғылықты мекен-жайы бойынша тінту жұмыстары жүргізілді, заттай айғақтар тәркіленді. Тергеу жалғасып жатыр, оның барысы мен қорытындысы қосымша хабарланады екен.

Айта кетейік, Нартай Дүтбаев 2001-2006 жылдар аралығында ҰҚК төрағасы қызметін атқарған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз