Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Петропавлда екі мектеп, бір балабақша карантинге жабылды

Оған қоса тағы 2 мектепте кейбір сыныптардың сабағы тоқтатылды.

Солтүстік Қазақстан облысы тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің мәліметі бойынша, 2017 жылдың 20 және 26 ақпан аралығында жұқпалы вирустық инфекциямен өңірде 2209 адам ауырған. 100 мың халқы бар өңір үшін 492,33 көрсеткіші шекті белгі болып табылады. Ал мұнда ол көрсеткіш 388,5 қамтыған.

Жас ерекшелігіне бөлсек, ең көп ауыратыны – балалар. Тұмауды жұқтыру балалар арасында (0-ден 4 жасқа дейін) – 33,9 пайыз, 5-14 жас аралығына дейін 28,3 пайыз, 30-64 жасқа дейін 13,9 пайыз, 65 жастан жоғарыдағылар – 1,2 пайыз. 14 жасқа дейін 9449 (61,2 пайыз) жағдай тіркелген, ал 1 жасқа дейінгілері – 1212 (7,9 пайыз) науқас.

“Медициналық мекемелерде карантин жарияланды, яғни науқастарға ешкім жіберілмейді. Ал балалар ұйымдарында терезені ашып, желдету тапсырылған. Егер науқас адаммен сөйлессеңіз, онда мұрынға тамызатын тамшы мен свечаны пайдаланып, мұрынға оксолин майын жаққан жөн. Ал ауырған жағдайда үйде болып, дәрігер бекітпеген дәрі-дәрмекті қабылдамаңыз, өйткені оның вирусқа қарсы күші жоқ болуы мүмкін”, – дейді мамандар.

Еске сала кетелік, осы аптада Шығыс Қазақстан облысында 2 мектеп тұмаудың өршуіне байланысты уақытша карантинге жабылған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз