Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Петропавлда қақаған қыста аурухана мен бірнеше тұрғын үй жылусыз қалды

Жексенбі күні кешке Мұқанов және Пушкин көшелері аумағында жылу жолындағы құбыр жарылды. Қайнаған су бірнеше көшені басып, облыстық балалар ауруханасына жолды бөгеп тастады. Апат орнына “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ апаттық қызметі аттанды. Қазіргі уақытта оқиға орынында апаттық бригадалардың 20 адамы жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, Петропавлда ауа-райы күндіз 15 градустан, ал түнде 22-24 градустан көтерілмей тұр. “Петропавл жылу желілері” ЖШС бас директоры Игорь Рыбас хабарланғандай, апаттың себебі 320 миллиметрлік шіріп кеткен құбыр болған.

“Кеше сағат 18.00 шамасында жылу жолында апат болды. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Апаттық учаскені кесіп тастап, жақын уақытта ауруханаға, содан кейін үйлерге жылу беруге тырысамыз”, — деді Рыбас.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз