Жолымбет Мәкіш оқушы кезіндегі қызықтары жайлы айтып берді.
Біз өзі біртүрлі ұрпақ болдық. Кішкентай кезімізде үйде «Рассвет» дейтін телебізір тұратын. Көрсетпей қалғанда, әлгіні жағынан құлаштап тұрып періп қаласың. Быж-быж етіп тұрған телебізір бір уақытта істеп кетеді. Істемей қалса, тағы ұрасың. Әбден тепкі жеп үйреніп қалған телебізір кейде әдейі таяқ жегісі кеп ізденіп тұратындай болып көрінетін.
Кейде ондайда диванда отырып алып, қолыңа түскен нәрсені жіберіп кеп қаласың. Сол кездің пульті сондай болатын, лақтырасың. Телебізірге тигенде, телебізір күшті көрсетіп кетеді.
Мектепте бізді мұғалім ұратын сосын. Басымыз істемей отырады.
https://kaz.365info.kz/biyl-1-khyrkyjekten-bastap-khazakhstandykh-bilim-beru-zhyjesinde-ne-ozgeredi-329994
Сәуле деген апай сабақ берді. Саусағына үлкен тасы бар жүзік тағып алатын. Әлгі жүзікпен бастан бір періп қалғанда, миың аузыңа түсіп кеткен сияқты болады.
Қызық-ей, сол ұрғаннан кейін басымыз істеп кететін. Сабақ айта бастаймыз. Мұғалімдер кәдімгідей бізді тепкілейтін кейде. Содан жаман болған жоқпыз-ей!))))
https://kaz.365info.kz/oryssha-bilmegennin-kesirinen-khanshama-zhymystan-khagylyp-zhatyr-330030
Жолымбет Мәкіш
Фейсбук парақшасынан