Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Павлодарлықтардың денесін тасымалдауға кеткен шығынды Франция өз мойнына алды

Құрбандардың денесін тасымалдауға кеткен барлық шығынды франциялық тарап өтейтін болыпты.

Түскі сағат 14:00 шамасында ұшақ Павлодарға қонады, оны қаралы кортеж күтіп алады. Жерлеу рәсімі жұма күні өтуі мүмкін.

Панченко әулетіндегі әйелдердің Ниццадағы лаңкестік кезінде қаза табуы Павлодарда үлкен резонанс тудырды. Жұртшылық олардың мейірбан, тамаша жандар болғанын айтып, қазаға шынайы өкініштерін білдіруде.

Айта кетейік, Любовь Панченко және күйеуі Леонид Ниццада тұратын қыздары Маринаға қонаққа барған. 14 шілде күні әйелдер ағылшын жағалауындағы отшашуды тамашалауға кеткен және үйге қайта оралмаған.

17 шілде күні ҚР Сыртқы істер министрлігі қазақстанддықтардың өлімі туралы ресми мәлімдеме жасады.

«Ниццадағы терактта ҚР азаматтары Панченко Любовь (1956), Панченко Марина (1983), Панченко Сильвия (2013) және Отто Натальяның (1959) қаза тапқанын аса өкінішпен хабарлаймыз. Туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі марқұм туыстарына барынша көмектесуге дайын», – деп жазылған ҚР СІМ таратқан хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз