Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-8
USD
524
-0.16
EUR
545
-0.85
RUB
5.11
+0.02

Павлодарда өзіне қол салған 17 жастағы студент қыздың денесі табылды

101

Марқұмды киімі мен мойнындағы алқасынан таныған жақындары, енді оны сәрсенбі күні жер қойнауына тапсырмақшы. Естеріңізге салсақ, 17 жастағы Рәния мамырдың 13-і күні дүкенге кетіп, сол күйі үйге оралмаған. Кейін оның көпірде тұрғанын байқаған шаһар тұрғындарының бірі жақындап, тілдеспек болыпты.

Бірақ, бойжеткенді құтқаруға үлгермеген. Ал оның бұл қадамға не себеппен барғаны әзірге белгісіз. Ертіске секіріп кеткен қызды құтқарушылармен бірге еріктілер де бір айдан бері судан іздеген еді.

« Қыздың денесі бұталардың арасынан табылды. Ағып келгенге ұқсайды. Іздеу жұмыстарына сүңгуірлер кіріскенімен, ернеуінен асқан өзен суынан бойжеткеннің денесін табу қиынға соқты. Кешенің өзінде судан алты адамды құтқарып қалдық»

-дейді   Павлодар облысы ТЖД жедел құтқару бөлімі бастығының орынбасары Сергей Лебедев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз