Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Павлодарда оқушыны қағып із жасырған жүргізуші үйінен табылған

156

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Изоляторға екі тәулікке тоғытылған қашқынды табу полицейлерге оңайға соқпаған сыңайлы. Оқиға орнында бейнебақылау камералары орнатылмағандықтан тәртіп сақшыларына барлық куәгерлерден жауап алып, аудандағы камераларды түгел тінтуге тура келіпті. Ақыры BMW маркалы авкөлігін тізгіндеген жүргізуші үйінен табылған. Кінәсін толық мойындаған жігіт қазір уақытша қамау изоляторында. Тұтқынға алуға алдағы екі күнде сот санкция беруі тиіс.

Естеріңізге салсақ, 26-шы қазанда жолды жүргіншілер жолағымен кесіп өтпек болған баланы жеңіл көлік қағып кеткен еді. Миы шайқалып, сан сүйегі сынған 12 жастағы ер бала ауруханада ем-дом қабылдап жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз