Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Павлодарда мемлекеттік бағдарламаның арқасында тағы 270 отбасы жаңа үйге қоныстанды

Павлодарлықтар қоныстанған үй Қазақстан ипотекалық компаниясы және « Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдарымен, мемлекеттік бағдарлама операторларымен салынды және ондағы пайдаланылған құрылыс материалдарының (кірпіш, арматура, бетон) 80 пайызы отандық өндірушілердікі, барлық пәтерлер таза әрленген түрде тапсырылды.

on7a7889

Жалдау төлемі 1 шаршы метр үшін 840 теңгеден аспайды. Қазақстан ипотекалық компаниясы және «Бәйтерек девелопмент» бірлескен жобалар аясында 1,5 мыңнан асатын қазақстандық отбасылар жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етілді және 2016 жылы бірлесіп салынған объектілер аяқталғанда тағы 1,5 мың қазақстандықтар пәтерлердің кілтін алады.

Тұрғын үйді пайдалануға беру бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері республика бойынша жалға берілетін тұрғын үйдің жалпы алаңы 500 мың шаршы метрден аса немесе 8 мыңнан аса пәтерді құрады. Тұрғын үй алаңдары Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Өскемен, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Семей, Талдықорған, Тараз қалаларында, сонымен қатар Алматы, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында пайдалануға енгізілді. Бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері барлығы 5 жыл ішінде жалға берілетін тұрғын үйдің 1,4 млн шаршы метрді беру жоспарланып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз