Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
10
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Павлодарда әйеліне қол көтерген шал айыппұл төледі

111

Лебяжі аудандық сотында Жамбыл ауылының тұрғынына қатысты іс қаралды. Ол 11 қараша күні таңертең ішімдікке тойып алып, әйелін соққыға жыққан. Биыл ер адам әйелін ұрғаны үшін осымен екінші рет айыпталуда.

– Сот отырысында Л. аталмыш қылмысты жасағанын мойындап, жұбайымен татуласуға ниет білдірген, – деді облыстық соттың баспасөз қызметінде.

Алайда зардап шегуші татуласудан бас тартқан. Бұл баптың санкциясына сәйкес 10 күнге дейін әкімшілік тұтқынға алу қарастырылған. Дегенмен, мұндай шара 63 жастан асқан ер адамдарға қолданбайды. Ал, отбасында жанжал шығарған адам биыл маусым айында 63 жасқа толған. Сондықтан ол 5 АЕК көлемінде, яғни 10 605 теңге айыппұл төлейді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз