Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Павлодарда екі дәрігердің не үшін төбелескені белгілі болды

117

Бұл туралы Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ораз Мұқашев брифинг барысында мәлімдеді.

“Таяуда Шахмарданов № 3 қалалық ауруханасында болды. Куәгерлерден жауап алу кезінде оның қызмет көрсетуші мамандармен дөрекі сөйлескені анықталды. Алайда әкімшілік деген бар. Барлығын жанжалсыз сол жерде шешуге болатын еді. Қандай да бір ереже бұзушылықтар болса да, өкілеттілігін асыра пайдалануға негіз жоқ”, – деді Мұқашев.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау басқармасының қызметкеріне қатысты қызметтік тексеру шарасы жалғасып жатыр екен.

“Облыс әкімдігінің тәртіп бойынша кеңесінде мемлекеттік қызметкердің әрекетіне баға беріледі. Бұл әрекеті үшін ол тәртіптік жазаға ұшырайды деп ойлаймын.

Бұл әрекетті ешкім қолдамайды, әрине, менің ойымша ол мемлекеттік қызметте жұмыс істемеуі керек. Ол дәрігер, хирург, облыстық ауруханада жұмыс істеген, фармкомпанияда қызмет еткен, өізне жүктелген міндеттерін бұлжытпай орындап жүрді.

Қалай болғанда ол өз әрекетімен мемлекеттік қызметкердің тәртіп заңын бұзды, оның әрекеті шектен шыққандық”, – деді Мұқашев.

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ораз Мұқашев. Сондай-ақ, ол облыстық бас дәрігер төбелескен екінші адам жайлы да пікір білдірді.

“№ 3 қалалық ауруханасының бас дәрігері Мәрлен Ахметовті өзім жеке танимын. Екеуміз біраз жылдар бойы бірге жұмыс істедік. Мінезі жақсы.

Меніңше, бұл жағдайда ол кінәлі емес және бұқаралық ақпарат құралдарына және облыс тұрғындарына оның адамгершілігі мол, мықты тұлға екенін және біраз жылдан бері аурухана басшылығы қызметінде жұмыс істеп келгенін айтқым келеді”, – деді Мұқашев.

Оның айтуынша, екеуі де ауруханада жатыр.

“Мәрлен Ахметов айтарлықтай жарақат алған. Нариман Хахмардановқа қатысты менің бұйрығым бойынша тәуелсіз комиссия құрылды, олар оның қаншалықты науқас екенін анықтайтын болады. Оған компьютерлік томография, МРТ жасалды. Комиссия оған қойылған диагноздың қаншалықты рас екенін анықтайды”, – деді Мұқашев.

Павлодарда мақтаулы қос дәрігер төбелесіп қалған

Айта кетейік, бұл оқиға 14 қарашада Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының ғимаратында болды. Медициналық қызметкерлермен өткен жиналыстан соң облыстық денсаулық сақтау басқармасының қызметкері Нариман Шахмарданов № 3 қалалық ауруханасының басшысы Мәрлен Ахметовпен төбелескен.

Төбелес салдарынан екеуі де ауруханаға түскен. Шахмардановтың миы шайқалған, ал Ахметовтің қабағы жарылған. Осыған байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасында арнайы комиссия құрылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз