Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Павлодарда мақтаулы қос дәрігер төбелесіп қалған

220

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Оқиға залда өткен жиналыстан соң болған. Әріптестерінің сыртқа шығып кеткенін күткен қос дәрігер алдымен сөзге келіп, артынша жұдырықтаса жөнелген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының орынбасы Нариман Шахмардановтың миы шайқалса, қалалық  №3 аурухананың бас дәрігері Мәрлен Ахметовтың көзілдірігі сынып, қабағын тіліп кетіпті.

Ал бейресми дерек бойынша, медиктердің арасындағы дау өткен сенбіде қалалық ауруханада басталған. Сонда жатқан туысының жағдайын мезгілсіз уақытта білуге келген Шахмарданов өзін ішке кіргізбей қойған кезекшіге ренжіп, мұны аурухананың бас дәрігеріне хабарлапты. Сол шағымының арты дауға ұласқанға ұқсайды. Орын алған бұл жайтқа қатысты қазір арнайы комиссия құрылып, тексеріс бастаған. Ал болған жайттан шошып қалған әріптестері олардың бұл қылығы үшін ұялып отыр.

“Нариман Жақсылықұлының миы шайқалған. Мәрлен Нариманұлының енді көзілдірігі сынып енді қабағына жарақат келді. Енді қазіргі кезде түгел көмек, жағдай жасалып жатыр. Төніп тұрған қауіп жоқ денсаулықтарына”, деді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз