Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Павлодар тұрғыны Дубайға белгісіз біреумен ұшып кеткен 7 жасар немересін іздеп шарқ ұруда

Бүгінгі күнге дейін жеті жасар бала жайлы хабар-ошар ала алмай отырған  тұрғынның айтуынша, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті басқармасының басшысына жолдаған хаттың жауабына 2014 жылы 5-қазанда Асанбай Телқараевтың «Алматы-Дубай» бағытында елден шығып кеткені туралы ресми хабарлама келген. Алайда баланың кімнің жетегінде кеткені және бүгінгі хал-жағдайы беймәлім. – 2009 жылы күзде қызым Гүлнар босанған соң жол апатынан жарақат алып, № 1 емханада жатты. Бас-миы шайқалып, қабырғалары сынған еді. 2010 жылы аяғына тұрып, жүріп жүре бастаған соң құдаларым Астанадағы қыздарына алып кетті.

Алайда ол жақта отбасында кикілжің туындап, денсаулығы сыр бере бастады. Күйеу балам іссапарда жүрген болатын. Жағдайы нашарлаған соң, қызымды алып келуге туралы келді. Құда мен құдағи бала сонда болсын деп өтінген соң, уақытша қалдыруды жөн көрдік. Араға бес-алты күн салып, жиенімнің жағдайын сұрап хабарласып едім, ешкім телефонның тұтқасын көтермеді. Көп ұзамай Гүлнардың күйеуі ажырасуға өтініш бергені туралы хабарлама келді. 

Бұған қоса, әйелінің аңғалдығын пайдаланып, Бағдат пен оның қарындасы баланы Алматыға алып кеткен. Соңында Алматыға барып, 2010 жылы 3-желтоқсанда қызым мен күйеу балам ажырасып кетті. Содан бері олардың ешқайсысын қолға түсіре алмадық. 2012 жылы қызым ұлына жақын болу үшін Алматының ірі түрік фирмасына жұмысқа есепші-экономист болып орналасты. Ол талай мәрте баласымен кездесуге тырысқанмен, еш нәтиже болмады. Содан 2012 жылы баламен жолығып, жарты сағаттай болдым. Бірақ анасы келгенге дейін Асанбайды әкесі алып кетті. Бұдан әрі мүлдем хабарсыз қалдық, – дейді Асқар Данияров.

2015 жылы 10 қыркүйекте Алматы қаласы Медеу аудандық соты баланы анасы Гүлнар Телқараевамен қалдыру туралы шешім шығарған. Асанбай Телқараев 2014 жылы мектеп табалдырығын аттауы тиіс. Дегенмен Алматы қалалық білім беру басқармасы және ішкі істер департаментімен бірлесіп жүргізген тексеріс нәтижесіз аяқталған. – 2010 жылдан бері бұрынғы күйеу балам Бағдат Телқараевпен бірнеше сот отырысы өтіп, сот қаулысы шығарылды. Алайда ол бір де бір рет сотқа келген емес.

Медеу аудандық ішкі істер басқармасы кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі полицейлер мен учаскелік инспекторлар, сот орындаушылар бұрынғы күйеу балам мен оның қарындасының үйіне бірнеше рет барған. Құдам үнемі баласы мен немересі бірде Алматыда, бірде Ақтауда тұрады деп, жалған телефон нөмірлерін береді. Қазіргі күні Гүлнар баланы қайтару үшін тағы да адвокат іздестіруде, – деп, Асқар Данияров баланың  болашағын ойлап көкірегі  қарс айырылады.

20161108171432

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз