Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Павлодар облысының Ертіс ауданында төтенше жағдай жарияланды

Кеше карантин енгізген болсақ, ал бүгін төтенше жағдай жариялап отырмыз»,

– деп түсіндірді  Виктор Дубовицкий.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, Ұзынсудағы жағдай бақылауға алынған, басқа адамдар індетті жұқтырмаған.

«Қазіргі таңда Ертіс ауданында  науқастармен қарым-қатынаста болған  91 адам белгілі болды, соның  25-і аудандық ауруханаға жатқызылып, дәрігерлердің қадағалауына алынды.  Павлодар қаласында ауруды жұқтырды деген күдікпен тағы төрт адам  тіркеліп отыр», – деп түсіндірді облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандары.

Естеріңізге сала кетейік, 8-шілде күні Павлодардың облыстық инфекциялық ауруханасына сібір жарасын жұқтырды деген күдіктпен  51 жастағы ер адам мен  31 жастағы әйел жеткізілді.  Арада бір күн өткенде Ертіс ауданының орталық ауруханасына дәл осындай жара шыққан үшінші науқас түсті. Оның қызуы көтеріліп, денесі қалшылдаған. Үш науқастың да диагнозы расталды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз