Павлодар облысы Ақтоғай ауданында 2-маусым күні жоғалған екі адамның бірі өлі күйінде табылды.Бұл туралы облыстық ішкі істер департементінің баспасөз қызметі мәлім етті.
– Бүгін 43 жастағы Александр Дымовтың денесі аудан орталығынан 35 шақырым жерде Ертіс өзенінен табылды. Ал, онымен бірге іс-түссіз жоғалып кеткен аудандық полиция қызметкері Жәнібек Қасымовты іздестіру жұмыстары жалғастырылуда, – делінеді баспасөз қызметі таратқан хабарламада.