Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
12
USD
481
-2.39
EUR
534
-2.22
RUB
5.36
+0.01

Павлодар облысында 13 оқушы түсік жасатып, 18-і ана атанған

Облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Айман Оспанованың айтуынша, жас кезден ана атанғандардың ең кішісі 14-те ,ал ең үлкені 17 жаста екен.

«Орталықта тұрмыс құрмай бала көтерген 31 қыз тіркелді. Олардың 18-і балалы болса, қалғаны жүктілігін тоқтатқан. Жасанды түсік жасатуға ата-аналары келісім берген. Жасанды түсік жасатқан қыздардың 10-ы Павлодар қаласы, екеуі Екібастұз қаласы, ал біреуі Шарбақты ауданының емдеу мекемелерінде тіркелген», – дейді Айман Оспанова.

Мамандардың пайымдауынша, буыны қатпаған жасөспірімдер арасында денсаулық сағаттарын көптеп өткізу керек. Сонымен қатар, психологиялық көмек көрсету қажет. Бұл бағытта өңірдегі білім беру басқармасы тарапынан тиісті жұмыс атқарылған.

«Өткен оқу жылында тәрбие сабақтарына 59 мыңнан астам оқушы мен 8 мыңнан астам ата-ана қатысқан. Облыстағы мектептерде 400-ге жуық сынып сағаты, дөңгелек үстелдер сияқты шаралар ұйымдастырылды. Ал биылғы жылы арнайы жоспар әзірленді. Жұмыс жалғаса береді», – дейді мамандар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз