Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
7
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
5.5
0.00

Патамушта. Патамушта… Сауат Мыңбаевтың 30 орынбасары бар екен

Мыңбаевтың төңірегіне көптеп топтасқан саяси элитаның ағайын-туыстарына үңілейік. Вице-президенттердің қатарында

еліміздің экс-Бас прокуроры Рашид Түсіпбековтың ұлы Жанат, кезінде білім беру вице-министрі болған Тахир Балықбаевтың перзенті Қайрат, Инвестициялар және даму жөніндегі министр Жеңіс Қасымбектің туған інісі Ардақ есімді топ-менеджерлер бар екен.

«Мистер Патамушта» атанып кеткен Серік Әбденов те осында. Сөз жоқ, лайықты команда.

720h438

Жалпы, «ҚазМұнайГаздың» басшысы Сауат Мыңбаевқа қатысты екіұшты  пікірлер айтылады –

біреулер оны айтарлықтай білікті маман, қаржыгер ретінде таныса, екінші біреулер оны тиімділігі төмен менеджер ретінде бағалайды.

Өзінің карьерасында қаржы, ауыл шаруашылығы, индустрия және сауда, энергетика және минералды ресурстар министрі қызметтерін атқарған Мыңбаев соңғы 9 жылда отандық мұнай-газ саласына бақылау жүргізіп келеді.

Сарапшы не деді, Нұрлан Балғымбаев неге налыды?

Алайда Саяси шешімдер институтының сарапшысы Сергей Смирновтың айтуынша,

осы жылдар ішінде Мыңбаев мұнай және газ саласындағы бірде-бір ірі мәселенің түйінін шешкен емес.  

Қайта жанар-жағар май тапшылығы күшейіп, отандық нарықта тұрақтылық орнаған жоқ.  Мұнай өңдеу зауыттарын модернизациядан өткізу бағдарламасы да алғашында жоспарланғандай 2016 жылы аяқталған жоқ. Бұл жобаға қосымша қаржы жұмсауға тура келді.

1444818394vm82q_1000x768

Нұрлан Балғымбаев

Тәуелсіз Қазақстан тарихында премьер-министр қызметін атқарған жалғыз мұнайшы  Нұрлан Балғымбаев осыдан біраз жыл бұрын «ҚазМұнайГазға» қатысты өз пікірін ашық білдірген болатын. Осы саланы  бүге-шігесіне дейін білген Балғымбаевтың пікірінше, «ҚМГ» өте икемсіз және шығынға мейлінше батқан тиімсіз құрылым. 

  Нұрлан Өтепұлы шетелдік ірі мұнай компаниялар елімізде жұмыс істеп жатқанына 20 жылдан астам уақыт өткенімен, Қазақстанды артта қалған ел ретінде менсінбейтініне, сондай-ақ

осы уақыт ішінде мұнай саласында бірде-бір қазақ топ-менеджерінің тәрбиелеп шығарылмағанына налыды. 

Бірнеше жыл бұрын айтылған бұл сыни пікір қазір де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Мұнайлы ел бола отырып мұнай саласында өз кадрларымыздың танылмауы қасірет емес пе?

Бәлкім, осы саланы дұрыстап түсіне алмаған қазіргі басшылардың «консалтингтік қызметтерден» көз ашпай келе жатуы да содан шығар? 

 

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз