Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Парламенттегі «ұлтсыздар» өз жиналысына неге «ұлтшылдарды» шақыра бастады?

Ең бастысы — Парламент Айдос Сарым, Мұхтар Тайжан сынды ұлтшылдарға есігін ашты. Бірақ бұл әрекет Парламенттің өз қадірін қашырмау үшін жасаған «қулығы» болуы да мүмкін. Депутаттар саяси партиялар мен ұлтшылдардың талап-тілегін қаншалықты ескереді деген сауал бар.

Бірақ Мәжіліс депутаты Майра Айсина Парламенттің баяғыдан бері қара халықтан тығылып, «жабық» жұмыс істеп келгенін мойындамай қойды:

– Парламентке азаматтық белсенділер мен саяси партияларды тарту — Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы. Біз оны қолдап, саяси партиялар мен азаматтық белсенділерді қабылдап жатырмыз. Бірақ

Мәжілістің есігі бұған дейін де әрбір азаматқа ашық болған, тек оның «ашық» екенін қара халық білмей жүрген. Біз «Әй, сізге болмайды, сіз Мәжілістің жиынына қатыспайсыз» деп ешкімді әлі қуған жоқпыз,

қоғам белсенділерінің өзі ғой, қатыспай жүрген. Енді тіпті кей азаматтарға өзіміз телефон шалып, қандай заң жобасы талқыланатыны туралы хабар беріп жүрміз. Кей азаматтар жиналысқа келеміз деп алып, жеме-жемге келгенде қатыспай жүр. Әйтпесе Мәжілістің жұмысы әуелден ашық, – дейді Майра Айсина.

Қарсы шыққанның бәрі оппозиционер емес!

Ал кезінде 9 жыл бойы депутат болған азамат Әбдіжәлел Бәкір мынадай пікір айтты:

– 9 жыл депутат болғанда байқағаным — заң жобасын белгілі бір комитеттің 2-3 адамы жазады. Қалған депутаттар қандай заң қабылданып жатқанын білмейді де. Қазір қабылданып жатқан заңдар — белгілі бір топтың мүддесін көздейтін заңдар болып жатыр. Өйткені халық қабылданған заңның өзіне қаншалықты пайдалы, не зиян екенін білмейді. Демократиялық қоғамда халық қабылданып жатқан заңдардың қандай мақсатта жазылғанын білуі керек. Әрине, 17 миллион халықтың барлығы бірдей заңның нендей мақсат-мүддені көздейтінін білуі қиын шығар, бірақ көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар қабылданайын деп жатқан заң туралы міндетті түрде хабары болуы тиіс. Сонда ғана халық Парлментке сенетін болады.

Қарсы пікір білдірген адамды дереу оппозиционер деп атау дұрыс емес.

Тіпті ол шын оппозиционер болса да – ол да халықтың бір өкілі. Ол да жайдан-жай мәселе көтермейтін шығар? Біз қоғамның шын мәнінде түзеліп, ілгерілеуін қалайтын болсақ, сыни пікірлерден қашпауымыз керек. Қоғам — сынның арқасында өседі, дейді экс-депутат.

Қысқасы, Парламент отырыстарынан саяси партиялар мен ұлтшылдардың бой көрсетуі — жақсы нышан. Мүмкін, келесі Парламентке ұлтшылдар мен оппозициялық партиялар да өтер. Кім білсін?

Бұрын біз кәдімгі депутаттар мен кәдімгі «ұлтшылдардың» бір үстелге отырып, бірдеңені талқылайды дегенге сенбейтін едік қой?

tju1t2z7d1nh35svhcqtc8gwyykcx6

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз