Қостанай облысы Жангелдин ауданындағы Татыр көлінде балықтардың жаппай қырылуы тіркелді. Жағалаудан 7 тоннаға жуық табан, сазан және шортан өлекселері жиналды. Қазір тазалау жұмыстары жалғасуда.
Балық шаруашылығы инспекциясының мамандары мұндай жағдай өңірде алғаш рет болып отырғанын айтады. Қазір судан сынамалар алынып, зертханалық талдау жүргізілуде. Алдын ала болжам бойынша, балықтардың қырылуына суда оттегінің жетіспеушілігі себеп болуы мүмкін.