Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Парламент Тәуелсіздіктің 25 жылдығы Қазақстан жетістіктерінің декларациясын қабылдады

Қазақстан әлемнің бәсекеге ең қабілетті елу елдің қатарына енді. Әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуді мақсат етіп қойған «Қазақстан-2050» Стратегиясы жаңа сипаттағы стратегиялық құжат болып табылады. Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекеттік ұлт жоспары әлемдік қаржы жүйесіндегі аса жағымсыз құбылыстарға қарамастан елімізге өндіріс пен инновацияны, әлеуметтік саланы дамытуға және жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді», – деді декларация жобасын таныстырған Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов.

Сонымен қатар, декларация жобасында Қазақстан ядролық қауіпсіздік рейтингінде ең қауіпсіз елдердің қатарына кіргендігі аталып өтілген.

«Президент Н.Назарбаев Қазақстанды еліміздің ұлттық мүдделеріне нұқсан келтірместен ядролық қарусыз мемлекетке айналдыру жөніндегі тарихи маңызды міндетті шеше білді. 1991 жылғы 29 тамызда Елбасы Семей ядролық полигонын жапты. Қазақстан Президенті өз елінің ғана емес, сондай-ақ бүкіл адамзаттың тағдыры үшін өзіне жауапкершілік ала отырып, әлемдік деңгейдегі саясаткер ретінде танылды. Семей полигонының жабылуымен ядролық қаруды таратпау және қарусызданудың жаһандық процесінің жаңа кезеңі басталды», – деді Сұлтанов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз