Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Пара берген, пара алған”. Ислам Кәрімовтің қызы тергеліп жатыр

Кәрімованың қорғаушысы болып тағайындалған швейцариялық адвокат Грегуар Манжеаның хабарлауынша, прокурорлар Гүлнәрмен екі мәрте: өткен жылы 9 және 10 желтоқсанда кездескен. Заңгердің айтуынша, Кәрімованың “жағдайы жақсы болғанымен, оның қауіпсіздігіне ешкім кепіл бере алмайды”. Адвокаттың мәлімдеуінше, оған “сыртқы әлеммен байланыс орнатуға, тіпті балаларымен кездесуге тыйым салынған”.

Швейцария прокуратурасы қызметкерлерінің Өзбекстанға барғанын растады.

Гүлнәр Кәрімова көпшілік алдына 2014 жылдан бері шықпайтын болған. Ол әкесінің жерлеу рәсіміне де қатысқан жоқ. Хабарларға қарағанда, оны үй қамауына ауыстырған. Сол жылы Швейцария билігі жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс қозғады.

Өзбекстанда тиімді келісімге қол жеткізу үшін шетелдік компаниялар Кәрімоваға пара берген деген болжам бар. Швейцария билігі оның есебіндегі 650 миллион евроны құлыптап тастады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз