Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
6
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
6.04
0.00

“Өзі бастады”. Науқасты сабаған дәрігердің кім екені белгілі болды (видео)

Сол сәтте науқас аурухананың кезекші терапевтіне тиісіп, жақын туыстарын балағаттаған және бокстан спорт шебері екенін айтып, жекпе-жекке шақырған.

Бір рет ұрғанда дәрігер еш жауап қайтармаған, ал екінші рет ұрғанда науқасты кеудесінен итерген. Жерге құлаған науқасты ашумен тепкен”, – деп түсіндірді бас дәрігер.

Оның айтуынша, іс материалдары Ішкі істер департаментіне жіберілген және тергеу жұмыстарымен қатар қызметтік тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

“Біз өз дәрігеріміздің әрекетін еш ақтамаймыз. Қызметтік тексеруден кейін оны жұмыстан шығарамыз.

Бірақ, мас адамдардың мұндай “концерттері” ауруханада жиі кездеседі. Жұма күні, 28 қыркүйекте ішімдікке мас науқас күзетшімізді ұрып, медбикеміздің жағын сындырды.

Нейрохирургтердің тең жартысы көгерген көзбен жүреді деуге болады. Яғни, мұндай оқиғаға бірінші рет кезігіп отырған жоқпыз”, – деді С. Демочкин.

«Е, далбан…». Дәрігер науқасты бас салып, тепкілей жөнелді (видео)

Айта кетейік, Инстаграм парақшасында медициналық қызметкердің науқасты сабаған видеосы тарап кеткен болатын. «Астана қаласының №2 ауруханасында» деген жазумен тараған видео қоғамда резонанс тудырып отыр.

Өз кезегінде қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі түсініктеме беріп, оқиғаның №2 қалалық ауруханада болмағанын мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз