Инстаграм желісі арқылы тараған медициналық қызметкердің науқасты тепкілеген видеосына қатысты Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді.
Видеоны жүктеген адам: „Мынаны қараңыздар. Бұл Астана қаласындағы №2 аурухана дейді„ деп жазба қалдырған. Алайда астаналық дәрігерлер бұл мәліметті жоққа шығарды.
«Гүрс етті…». Қызылордада әскери қызметкерлер қаза тапты (видео)
«Медициналық қызметкердің пациентті сабағаны түсірілген кадры бар әлеуметтік желіде тараған видео интерьері бойынша Астана қаласының №2 қалалық ауруханасында сәйкес келмейді. Аталған видеороликтегі адамдар Астана қаласының №2 қалалық ауруханасының қызметкерлері емес.
Жалпы, бұл оқиға Астана қаласындағы медициналық ұйымдарында тіркелмеген»,
«Жатқызып істеді». Түркістанда 13 жасар баланы құрдастары зорлаған (видео)
– деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.