Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Өзбекстандағы «коронавирустық бүлік» және билік вирус жұқтырғандардың санын әдейі арттыруда — БАҚ-қа шолу

1401
Дереккөзі: ekhokavkaza.com

Өзбекстанда ең үлкен карантиндік аймақта болған адамдар бүлік шығарды. Барлығы Ұртасарай карантиндік лагерінде (Ташкент маңында) түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін басталды. Оны коронавирустың алдын алу үшін арнайы ашқан еді, бұл елдегі ең үлкен карантиндік аймақ.

Орталық Азиядағы коронавирус: көршілеріміз қалай күресуде?

Asiaterra агенттігінің хабарлауынша, видеодағы карантиндік аймақ «тиісті режим мен тәртіптері бар» бас бостандығынан айыру орнына ұқсайды. Ең аяғында  наразылыққа ұласып, бүлік шықты. Әйелдер алғашқылардың бірі болып бастады. Олардың көпшілігінің кішкентай балалары бар еді, сондықтан да  шыдамдары таусылған болса керек.

— Видео кадрларынан бетперде киген бірнеше ашулы әйелдің аймақ әкімшілігін қатты ұрсып, «Ашыңыз! Бізді босатыңыз!» деп айғайлап, металл қақпалар мен қабырғаларды теуіп жатқанын көруге болады. Қамалып отырған әйелдер қатты ашулы және наразы (ерлер араласып жатқан жоқ), — деп атап өтті агенттік.

Жас әйелдердің бірі (шамамен этникалық қазақ) мұнда келгеніне 18 күн болғанын айтты.

Ал ережеге сәйкес, карантинде тек 14 күн күн болуы керек

Сонымен қатар, оларды осыдан бір күн бұрын тамақтандырған.

Бүлікке шыққандарды үйлеріне қуды

Басқа БАҚ-та адамдарды 30 тәулік бойы жібермегенін айтқан, бірақ бұл туралы видода ешкім айтпайды.

— Оның айтуынша, күзетшілер өтініш айтып, есікті қақсаң кедергі келтірмеңдер деп жауап береді, кейде тіпті балағат сөздерді айтады, — дейді портал.

Бұл мұндай шағым білдіріп жатқан жалғыз карантиндік аймақ емес. Маусым айының соңында интернетте Ферған облысында түсірілген видео пайда болды. Автор Ташкент облысының Жоғары Шыршық ауданындағы карантиндік аймақтағы заңсыздықты айтып шағымданды.

Озодлик хабарлағандай, бүлік 15-блокта басталды, ал келесі күні 23-блок та қосылды. Енді ерлер де қолдау көрсетті. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше адам шатырларға шығып, өздерін шығаруды талап еткен.

Ақырында бір күні түнде  наразылық білдіргендерді автобусқа отырғызып, үйлеріне әкетті

–Карантиндік лагерьден адамдарды денсаулығы туралы қандай да бір анықтамасыз шығарды. Олар жай ғана орындарды босатуда, – деді «Ұртасарай» карантиндік лагерінде болған адамдардың бірі.

Ақпаратты карантиндік аймақтың колл-орталығында да растады.

Екі бүлік салған блоктағы адамдарды үйлеріне жіберді. Қалғандары карантиндік лагерде қалды.

Дәрігерлер статистикалық мәліметтерсіз қалды ма?

Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық агенттігінің (Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы) ондаған қызметкері COVID-19 диагнозымен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Озодлик вирус жұқтырғандардың өздеріне сілтеме жасап.

– Орталық аппараттың көптеген қызметкерлері  А.Семашко атындағы ауруханаға жатқызылды. Қазір ол коронавирусты инфекциямен ауыратын науқастарды емдеу үшін қайта бейімделген. Агенттіктің жұмысында хаос орнаған, басқару аппаратында ешкім қалған жоқ. Барлық қызметкерлер ауруханада жатыр, – деді атын жасыруды жөн көрген ведомство қызметкері. Оның айтуынша, онда алты адам ғана қалды.

Алайда, Агенттік баспасөз қызметінің басшысы Мухаммаджон Бозоров бұл сөздерді жоққа шығарды, қызметкерлер үйден жұмыс істеуде деп мәлімдеді.

Бірақ төрт қызметкермен телефон арқылы байланысқа шықтық, олар өздерінің ауырып жатқанын растады

– Менде шынымен ковид індетін анықтады. Мен бірнеше күн бойы Семашкода жатырмын. Алайда, қазіргі уақытта осы ауруханада агенттіктің нақты қанша қызметкері емделіп жатқан білмеймін. Бірақ олардың мұнда көп екенін білемін, – деді олардың бірі.

Аурухана басшылығы да бұл фактіні растады, бірақ қанша адамның жатқанын жария етпеді.

Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық агенттігі Covid-19 тестінің соңғы нәтижелерін беруге жауап береді. Қазір көптеген адамдар қазірде адамдардың вирусты жаппай жұқтыруы ауруды анықтау жағдайын қиындатуы мүмкін деп қорқады.

– Еліміздің әр түкпірінде Covid-19-ды анықтау үшін жасалған барлық тест нәтижесі біздің агенттік ресми растағаннан кейін ғана жарияланады. Барлық расталған тестілер арнайы машиналармен бізге жеткізіледі,  қайта тексеруден өткеннен кейін соңғы нәтиже жарияланады. Сондықтан адамдарға тестілеу нәтижелерін ұзақ күтуге тура келуде. Қазір агенттік басқармасыз қалды. Бұл елдегі COVID-19 ауруын анықтау жағдайын қиындатуы мүмкін, –деп мәлімдеді ведомство қызметкерлерінің бірінің порталға берген түсініктемесінде.

Ковидпен ауырдым дегені үшін қолма-қол ақша береді

Сонымен қатар, қоғамда шенеуніктер коронавирустың жұқтырғандардың статистикасының жоғары болуына мүдделі деген пікір белең алды. Әрбір науқасқа қымбат дәрі-дәрмек немесе көп ақша бөлінеді деген болжам жасалды. Тіпті екеуі де бөлунуі мүмкін.

Asiaterra осыдан бірнеше күн бұрын отағасы жүрек талмасынан қайтыс болған астаналық отбасылардың біріне жергілікті емханадан бір топ дәрігерлер келді деп хабарлады.

Келген адамдар оның туыстарын диагноздағы өлімінің себебін «ковидке» ауыстырыңдар» деп көндіруге тырысқан

Келісімдерін алу үшін екі мың АҚШ долларын уәде етіпті.

Сондай-ақ, жарияланым авторлары елорда тұрғындары да осындай жағдай туралы бірнеше рет әлеуметтік желілерде  жазғанын атап өтті.

— Ташкентте түсініксіз жағдай орын алады. Маған «ковид» диагнозын қойғаны үшін дәрігерге жүз доллар пара ұсынғанын айтты. Бұл бәлкім, аурухана басшылығы болса керек. Мұндай науқастар анықталған медициналық мекемелерге коронавируспен күрес үшін үлкен қаражат бөлінеді деп болжам жасауға болады. Ал науқастар жоқ болса, қаражат та болмайды, —  деген елордалық тұрғынның бірінің пікірін келтіреді портал.

— Пандемияның басында барлығы шынымен қорқып кетті. Ол кезде шараларда негізсіз болмады. Енді бәрі естерін жинап, бұл ақша жасаудың керемет тәсілі екенін түсінді! Енді ойларына келгенін істеуде…, — деп жазады интернет-пайдаланушылар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз