Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Өзбекстанда коронавирустың кесірінен жұмыссыздық деңгейі күрт артып кетті

222
Сурет: Reuters

Sputnik Өзбекстан Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрі Нозима Хусанованың сөзіне сілтеме бере отырып, Өзбекстанда жұмыссыздардың саны 2 млн адамға жетті деп хабарлайды. Пандемияға дейін олардың саны 1,3 млн адам болған. Бірақ бұл тек ресми статистика бойынша. Билік кәсіпкерлікке субсидия бөлу және адамдарды жұмысқа орналастыру есебінен мәселені шешіп жатырмыз деп сендіруде. Елге қайтып оралған еңбек мигранттарына баса назар аударуда. Ресми мәліметтерге сәйкес, шетелде 2,5 млн адам жұмыс істейді. Яғни бұл экономикалық белсенді халықтың 20%-ға жуығы.

Оларға ел ішінде жұмыс табыла ма, белгісіз

Пессимистік көзқарасы басым адамдар олар үйде отырса тек жұмыссыздардың қатарын толтырады деп есептейді. Яғни екі есеге артады.

Зауытта қонғыларың келмесе, жұмыстан шығыңдар

Жұмыссыздықтың күн санап артуы жұмыс берушілердің «қолын ұзартып» отыр, деп хабарлайды Озодлик. Өзбек-кәріс бірлескен кәсіпорынының жұмысшылары

зауытта қонып, 15 күннен жұмыс істеуге мәжбүрледі деп шағымданды

Оларға тіпті демалыс күндері үйлеріне баруға рұқсат бермейді. Зауыт қоймасының ботон еденінде қонуға тура келеді.

– Әйелдер цехта қонады, ал ер адамдарды осы қоймаға қамап қойды. Басшылық бізге «Қаласаң – істе, қаламасаң –кет»  дейді. Әріптестеріміздің көбі өз орындарынан айырылып қалғысы келмегендіктен, осы талаппен келісуге мәжбүр, – деген жұмысшының сөзін портал келтіреді.

Басқа бір жұмысшы зауыттағы жұмыс күні 10-12 сағатқа созылады дейді. Ал жалақысы 380 АҚШ долларына жуық, бірақ басқа орындарды бұдан да төмен. Артық жұмыс сағаттары үшін үстеме ақы төленбейді.

Алайда компания өкілі телефонмен болған әңгіме барысында адамдар коронавирустан қорыққандықтан, жұмыста өз еріктерімен қалады деп мәлімдеді.

Аталған зауыт Әндіжанда орналасқан, бірақ басқа қалалардан да осыған ұқсас шағымдар келіп түсті.

10 маусымдағы жағдай бойынша Өзбекстанда 4 520 адамнан коронавирус анықталды.

Дамбаның жарылуының жаңа салдары

Дамба жарылғаннан кейін Сардоба суқоймасының жанында орналасқан аумақтарда құрғақшылық басталды. Егістіктің суреттерінен жердің жарылып жатқанын және ауыл шаруашылығы егістерінің құрғағанын көруге болады.

Жергілікті халықтың айтуынша, Ферғана мен Әндіжаннан келген дихандар суаратын су болмағандықтан, жер телімдерін қалдырып, кетіп жатыр. Ал кейбіреулері тек суармалы ғана емес, ауыз су да жетіспейді деп шағымдануда.

Өзбекстандағы дамбаның жарылуы Орта Азиядағы су проблемасын әшкере етті

– Науаларда адамдардың күнделікті қажеттілігіне керекті су жоқ. Барлығының бірдей төрт түлікке су сатып алатын мүмкіндігі жоқ. Егер егісті үш күннен артық суармаса олар қурап кетеді. Қазір егінге қауіп төніп тұр, – дейді фермерлердің бірі.

Кейбіреулері егіндері қурап кеткенін айтып шағымдануда.

Ирригациялық жүйелердің Төменгі Сырдария бассейндік басқармасының қызметкері құрғақшылық фактісін растады. Бірақ, жағдайға соншалықты алаңдаудың қажеті жоқ деп сендірді.

Оның айтуынша, Сардоба су қоймасының жалпы көлемі 1 млрд текше метрді құрайды,1 мамырдағы техногендік апат салдарынан су қоймасында жиналған судың 40%-ы жоғалды.

– Өткен жылы Сырдарияда су мәселесі болған жоқ. Жергілікті тұрғындар техногендік апаттан кейін ғана судың жетіспеушілігін сезіне бастады. Су қоймасында жиналған 40 миллион текше метр су ағып кетті. Дала аймақтарында егіс алқаптары болған және өз жерлерін Сардоба су қоймасының суымен суарған дихандар қиындыққа тап болды, – деді ол.

Ауру жұқтырғандардың өздері кінәлі ме?

Өзбекстандағы коронавирусқа қатысты жағдай ушығып кетті, деп хабарлайды Sputnik. Өзбек билігі бұған ел халқын айыптауда. Дәлірек айтқанда, індет халық санитарлық ережелерді сақтамағандықтан асқынып кетті дейді.

— Өкінішке орай, халық арасында гигиена, әлеуметтік қашықтық ережелерін сақтау, бетперде тағу кеңестері мен ұсынымдарына немқұрайлы қарайтындар көп. Біз жағдайдың шиеленісіп жатқанын көріп отырмыз, — деді санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мемлекеттік инспекциясының бастығы Нұрмат Отабеков.

Оның мәліметінше, 8 маусымда тіркелген 237 коронавирустың 207 жағдайы карантинде болмаған адамдардан анықталды.

Орталық Азиядағы коронавирус: көршілеріміз қалай күресуде?

Ел билігі республикада карантиндік шараларды 15 маусымға дейін ұзартты. Бірақ 1 маусымнан бастап қолайлы аймақтарда шипажайлар, спорт клубтары ашылды, үй жағдайында үйлену тойлары мен мерекелерге рұқсат берілді.

15 мамырдан бастап саябақтар, мұражайлар мен стадиондардың жұмысы жанданды. 8 маусымнан бастап мешіттер, шіркеулер және басқа да діни ұйымдар қайта ашылды, қалалық және қала маңындағы автобустардың жұмысы жанданды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз