Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-15
USD
424
+1.47
EUR
506
+2.47
RUB
5.59
0.00

Өзбекстан: халықты тойдан бас тартуға мәжбүрлей ала ма?

366

Жаңа жылдан бастап Өзбекстан үкіметі ұлан асыр той жасау бойынша жаңа ережелерді енгізеді.

Нақтырақ айтсақ, үйлену тойына келетін көліктер мен қонақтардың шектелген саны құжатпен рәсімделген. Сонымен қатар, “қосымша ілеспе іс-шаралар”, яғни “келін навкари”, “чорлар”, “ота кўрди” және т.б. дәстүрлерге тыйым салынды.

Тәртіп сақтауды депутаттар мен құқық қорғау органдары қадағалайды. Бақылауды жеңілдету үшін

кез келген салтанатты іс-шараны тиісті мемлекеттік органдарда тіркеу қажет

Заңды бұзғандары үшін той иелері де, мейрамхана иелері де жауапқа тартылатын болады, оның ішінде айыппұл төлейді.

Заңға түзетулерді мақұлдаған депутаттар мұның барлығы халықтың игілігі үшін жасалып жатқандығын мәлімдеді. Осылайша аз қамтылған азаматтар ауыр қаржы ауыртпалығынан сақтандырылатын болады. Заң шығарушылардың айтуынша, қоршаған ортаның моральдық қысымына байланысты көптеген өзбекстандық шетелдерге ақша табуға кетіп, бір күндік отырыс үшін жылдап ақша жинауға мәжбүр.

Қоғам жаңалықты теріс қабылдады. Қарсы тараптың айтатыны — бұл “өзбек мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылатын әдет-ғұрыптарға қастандық жасау”.

Жалпының пікірі,

балаларға әдемі және есте қаларлық үйлену той жасап беру үшін ата-аналар өмір бойы жұмыс істеуі тиіс

Мәселе тарихы

Бұл мәселе Ислам Каримов президент болып тұрған кезден бері көтеріліп келеді. Ол бұл дәстүрдің “тозығы” жеткен деп естептеген. 1998 жылдың қазан айында ол “үйлену тойларын ысыраппен тойлауға” тыйым салу туралы жарлыққа қол қойды. Алайда ештеңе өзгерген жоқ.

Екінші осыған ұқсас жарлық 2008 жылы қабылданды және оны да халық елеген жоқ. Еurasianet порталына тарихшы Равшан Назаров айтқандай, үйлену дәстүріне қатысты заңдардың барлығы іс жүзінде іске аспайды.

“Объективті жағдайларды ескеру керек. Шақырмауға болмайтын бірнеше санаттағы адамдар бар. Мысалы, туыстар. Олардың саны бірнеше жүзге жетуі мүмкін. Содан кейін сізді де әрдайым тойына шақыратын әріптестер, сондай-ақ күйеу мен қалыңдық жағынан көршілер мен қонақтар. Осылайша, 400 немесе 500-ден астам адам жиналады”.

Шенеуніктен баста

2016 жылы Каримов қайтыс болғаннан кейін билікке келген президент Шавкат Мирзиеев “үйлену проблемасын” шешуге тырысты.

Сонымен, 2018 жылдың көктемінде өзбек бұқаралық ақпарат құралдарында аудиожазба пайда болды. Атап айтқанда, президент егер үкімет нөмірлері бар машиналар салтанатты түрде өтетін мекемелерден табылса, тиісті шенеунік жұмыстан босатылып, жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

“Сол күні-ақ оларды түрмеге жіберемін”, – деп мәлімдеді Мирзиеев.

Скептиктер мұндай мәлімдемелер мен жаңа ережелерді бос сөз ретінде қабылдайды. Ташкенттегі белгілі тамада Тұрдікүл Норматов шенеуніктердің өздері ұлан асыр тойлатудан бас тартқанда ғана үкімет бұл мәселені шеше алатынын айтты.

“Үйлену тойы жарысқа айналды: кім көбірек қонақ шақырады, кім кең дастархан жаяды, жас жұбайларға қандай бағалы сыйлық береді. Ең салтанатты үйлену тойларын әдетте мемлекеттік шенеуніктер мен бизнесмендер өткізеді”, – деп түсіндірді Eurasianet-ке Норматов.

Бұл ескі дәстүр емес

Өзбекстанда үйлену тойын ұлан-асыр етіп тойлау ұлттық мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде саналса да, бұл құбылыс өткен ғасырдың 70-ші жылдары ғана пайда болды. Бұған дейін Өзбек КСР-дегі адамдардың көпшілігі салыстырмалы кедейлікте өмір сүрді. Ақша халық тұтынатын негізгі тауарлар сияқты жетпеді.

Тіпті Кеңес одағына дейін де аулалық ақсүйектер, жоғары лауазымды шенеуніктер мен ірі жер иеленушілер ғана ұлан-асыр той жасау мүмкіндігіне ие болған. Кең тараған шулы отырыстар КСРО ыдырағаннан кейін салыстырмалы түрде еркін нарыққа көшумен орын алды.

“Ұзақ уақыт үйлену тойы шағын адамдар үшін өткізілді. Негізінен бір махаллидің (қауымның) санымен шектелді”, – деді Назаров.

Қараша айының басында үйлену тойына Мәдениет министрлігі қосылды — ведомствоның жоғары лауазымды шенеуніктерінің бірі салтанатты шараларды бірыңғай сценарий бойынша  өткізуді ұсынды. Оны әзірлеуге тіпті ғалымдарды тартпақ болды.

Жұртшылық бұл инновацияны мазақпен қарсы алды.

“Әр ата-ана осы тойға бірнеше жыл дайындалып, баласы үшін басқаларда болмаған ерекше дүние жасауға тырысады, – деді Eurasianet басылымына журналист Гүлбахор Камолова.

Үйлену тойы — бұл әр отбасының жеке шаруасы. Оны үкімет деңгейінде реттеудің қажеті жоқ

Үкіметтегі адамдар бір сценарий бойынша үйлену тойларын өздері өткізсін”.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз