Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

«Өзбек ханшайымының» жағдайы қалай және өзбек жұмысшылары не үшін наразы — БАҚ-қа шолу

482
Дереккөзі — utro.ru

Сардобада көпір салатын «Өзбек темір жолының» жұмысшылары тамыздан бастап жалақыларын ала алмай жүр, деп хабарлайды «Озодлик». Мұны компанияның кадр бөлімі де растады.

Сырдария облысындағы бөгеттің бұзылуынан зардап шеккен аумақта жұмыс жүргізілуде. Сонда еңбек етіп жүрген адамдар тамыз айынан бастап жалақысын ала алмай жүр. Жұмысшылар айтқан бұл ақпаратты акционерлік қоғамның кадр бөлімі де растады.

Құрылысшылардың бірінің айтуынша, «Өзбек темір жолының» 200-ден астам жұмысшысы мамыр айынан бері үйлер мен көпірді қалпына келтіруде.

Өзбекстандағы дамбаның жарылуы Орта Азиядағы су проблемасын әшкере етті

– Біз төрт көпір салдық, Сардобадағы қираған үйлерді қалпына келтірдік. Бірақ тамыз айынан бері бізге жалақы төленбейді, – деп шағымданды ол.

Жұмысшылардың өкілі премьер-министрдің бірінші орынбасары, «Өзбек темір жолы» кеңесінің мүшесі Ачилбай Раматов оларды жұмысқа тартуды бұйырғанын айтты.

Сондай-ақ қазан айының басында елуге жуық жұмысшы Сырдария облысының Гүлістан қаласына аттанды, онда

коронавируспен ауыратын науқастар емделетін «Алпомиш» спорт кешенінде оттегі баллоны жарылған

Бұл жұмысшылардың да жалақысы кешіктірілгені белгілі болды.

– Алдымен Сардобада жұмыс істедік, содан кейін елуге жуық адам Гүлістанға жіберілді. Екі ай бойы бізген келесі аптада ақша төлейміз деп алдап келеді. Біз отбасымызды тастап, осында келдік. Өте ауыр жағдайда жұмыс істейміз, вагондарда тұрамыз,– деді жұмысшылардың бірі.

Ташкенттегі «Өзбек темір жолы» бас кеңсесінің кадрлар бөлімінің өкілі  ақша төленбегенін растады. Ол мұны банкте ақшаның болмауымен түсіндірді.

Жалақы да, өтемақы да төленбеді

Сонымен қатар, осы компанияның вагон жолсеріктері жалақыларының кешіктіріліп берілгенін айтып шағымданды. Олардың бірі

тамыз және қыркүйек айларында өзбек еңбек мигранттарын әкелу үшін Ресейге  барып, Covid-19 жұқтырғанын айтты

Бірақ оған жұмыста инфекция жұқтырғаны үшін тиісті ақшалай өтемақы берілмеді.

– Біз басшылықтан «Егер біз коронавирус жұқтырсақ не болады?» деп сұрадық. Егер жолсеріктер қауіпті вирус жұқтырса, бізге 11 миллион сум (1100 доллар) өтемақы төленеді деп уәде етілді. 27 тамызда біз мигранттарға бардық. Оралғаннан кейін бір аптадан кейін мен вирус жұқтырғанымды білдім.

Маған тіпті ақшалай өтемақы туралы айтпағанда, жалақы да төленбеді

Мен жалақы алуға келгенде, мигранттар тізімінде жоқ, Самарадан қайтып келе жатқан 20 өзбекті вагонға отырғызғанымды айтып, айыппұл саламыз деп қорқыта бастады. Пойыздағылардың бәрі Ұлттық гвардия мен денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері болған. Біз бұл өзбектерді аяғаннан вагонға кіргіздік, – дейді жолсерік.

Орталық Азиядағы коронавирус: көршілеріміз қалай күресуде?

 

Қашқадария облысының Гузар ауданында зауыт салып жатқан жұмысшылар да көтеріліске шыққан

Жұмысшылардың екі күн бойы тамақсыз қалғаны және оларға жалақы төленбеуі көтеріліске себеп болғаны хабарланды.

Латынға көшуге тағы бір талпыныс

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев үкіметке үш айдың ішінде латын әліпбиіне көшу жөніндегі жұмыс тобын құруды тапсырды. Топ жол картасын әзірлеп, Президент Әкімшілігіне ұсынуы керек. Құжатта нақты шаралар, қаржыландыру көздері мен көлемін қамтылуы тиіс.

Шавкат Мирзияев осы Жарлығында 2020-2030 жылдары өзбек тілін дамыту және тіл саясатын жетілдіру тұжырымдамасын және оны іске асыру бағдарламасын бекітті. 2030 жылға дейін елімізде балабақшалардағы топтардың 80%-ы өзбек тілінде болуы тиіс.

Өзбек тілін оқыту көлемі аптасына 84 сағаттан 110 сағатқа дейін артуы керек.

Сондай-ақ шетелдіктерге өзбек тілін оқыту бағдарламасы жасалуы керек

2021 жылдың 1 сәуірінен бастап басшылар арасында өзбек тілі мен әдебиетін білу деңгейін анықтауға тапсырма берілді. Тексеру нәтижелері бойынша оларға сертификаттар берілсін.

2019 жылдың мамыр айында Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі университеті жанындағы жұмыс тобы латын әліпбиіне негізделген жаңартылған өзбек әліпбиінің соңғы жобасын ұсынды.  Gazeta.uz басылымы алфавит 1993 жылғы бастапқы нұсқасына оралатынын көрсетті (жалғыз әріпті қоспағанда).

Лингвистер 1993 жылы Өзбек әліпбиіне енгізілген өзгерістер

суахили және түрік сияқты алфавиттердің үлгісімен жасалғанын,

ал «бұл тілдер өзбек алфавитінің біршама ерекшелігі бар екенін» атап өтті.

 «Өзбек ханшайымының» жағдайы қалай?

Гүлнар Кәрімованың қызы Иман өзінің Instagram-дағы парақшасында оның денсаулығының нашарлап кеткенін хабарлады.

Иманның айтуынша, оның анасына қазіргі уақытта пневмония диагнозы қойылған, ол колонияның санитарлық бөлігінде жатыр.

— Оған медициналық көмек көрсетілмейді. Ковид-19-ға тест тапсыруға рұқсат етілмейді, дәрі-дәрмектер мен емдеу аппараттарын беруге де тыйым салынады, — деп жазды Иман.

Каримованың қызы бұл «Шавкат Мирзиеевтің саяси қарсыласы мен өзінің аллындағы президенттің қызынан құтылу әрекеті» екеніне сенімді.

48 жастағы Гүлнар Кәрімова Өзбекстанда мемлекеттік мүлікті ұрлау, салық төлеуден жалтару және басқа да экономикалық және қаржылық қылмыстар үшін кінәлі деп танылды.

2020 жылдың 18 наурызында Каримоваға және «ол құрған қылмыстық ұйымның мүшелеріне» соңғы үкім шығарылды. Ташкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі соты Гүлнар Кәрімованы 13 жыл төрт айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Мигранттар шекарадан өте алмай қалды

Абхаз-Ресей шекарасынан өте алмаған жүздеген өзбек мигранты үйлеріне орала алмай жатыр. Олар айдалада қалып қойды. Өзбекстан СІМ мен Ресейдегі елшілік азаматтардың өтініштерін елемеуде. Бұл туралы жергілікті БАҚ Абхазиядағы өзбек мигранттарына сілтеме жасап хабарлады.

Сурхандариялық Ренат Юсуповтың айтуынша,

қазіргі уақытта Абхазияда 2 мыңға жуық Өзбекстан азаматы бар

Олар мұнда Ресейден жұмыс істеуге келді. Пандемия салдарынан шекаралар жабылған кезде Өзбекстан азаматтары осында қалып, карантиндік шектеулер жеңілдетілетін шығар деп үміттенді.

СІМ Абхазияда қалған 400-ге жуық Өзбекстан азаматы қазан айының басында отанына оралатынын хабарлады. Бірақ әлі күнге дейін бұл уәде орындалмады.

Абхазиядағы өзбекстандықтар Ростов пен Мәскеудегі Өзбекстан елшіліктеріне жүгінді. Алайда дипломатиялық өкілдіктер мигранттардың өтініштеріне жауап берген жоқ.

Мигранттар Өзбекстанға оралу үшін Ресей аумағын кесіп өтуі керек. Қазіргі уақытта шекарадан тек Ресей мен Абхазия азаматтары ғана өте алады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз