Өз ұлын тұтқынға алып, өртемек болған Талдықорған тұрғыны жындыханаға жабылды.
«Қазір ер адам психиатриялық емханаға жатқызылды. Ол бұрын ешқандай есепте тұрмаған. Қазір тексеру жүріп жатыр», – дейді облыстық ІІД-де.
Айта кетейік, 10 шілде күні ер адам өз ұлын тұтқынға алып, қоқан лоқы көрсетті. Пәтеріне адам жақындайтын болса, ұлымды өртеймін деп қорқытты. Қазір балаға еш қауіп төніп тұрған жоқ.