Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

OYLA ғылыми-көпшілік журналы қазақ тілінде қайта басылымға шығады

188

Еске салсақ, 2016 жылы жазылушылар саны тым аз болғандығынан OYLA редакциясы қазақтіліндегі нұсқасының басылымын тоқтатуға мәжбүр болды. Енді қазақтілдегі журнал ай сайын орыс тілдегі нұсқамен қатар шыға бастайды. Алғашқы тираж – 2500 дана, олар қазақстандық мектептер мен балалар үйлеріне таратылатын болады. Сонымен қатар әрбір азамат журналға жеке жазыла алады.

«Біз ғылым мен технологияның тілін үйреніп, оны балаларға жеткізгіміз келеді. Өйткені өскелең ұрпақ оқу мен жасампаздықтан қорықпауы қажет. Біз қазақ мектептерде оқитын балалар үшін мемлекеттік тілдегі ақпарат пен дәріс алудың өте маңызды екенін түсінеміз. Сондықтан да Қазақстанда шығатын бірден бір ғылыми-көпшілік журналға қолдау көрсеткені үшін серіктестерімізге ризашылығымызды білдіреміз. Жақында OYLA журналын алатын мектеп оқушыларының көңілдерінен шығады деген ойдамыз» – деді журналдың бас редакторы Гамзат Бияров.

«Бұл жобаның іске асуының бастауында болғанымызбіз үшін аса қуанышты жайт. ҚазақГеографиялық Қоғамы географиялық және өзге де қоғамдық, табиғаттану ғылымдарының дамуына үнемі қолдау көрсетіп отырады. Бұл — біздің ең басты міндеттеріміздің бірі. Біз әлемді танудың бірден-бір жолы саяхаттау деп санаймыз. Ал балалар біздің болашағымыз, ендеше мұндай іс балалардың танымдық өрісін кеңейтері де сөзсіз. Сондықтан да біз үшін балаларымыздың арманқиялының тұсалмауы, жан-жақты толысып, жаңа нәрселерге ұмтылуы аса маңызды. OYLA журналынан қызықты саяхаттар, қатерлі тау шыңдарын бағындыру, тартымды зерттеулер туралы оқып, ҚазГео-мен бірге әлемді танудағы көңіл көкжиегін кеңейтіңіз!» – деді Нұрлан Әбдуов, «ҚазақГеографиялық Қоғамы» ҚБ Қамқорлық Кеңесінің төрағасы.

OYLA – Қазақстандағы алғашқы ғылымикөпшілік  журнал, орта және жоғарғы сыныпоқушылары мен білімге құштар ересектерге арналған. OYLA журналы жаратылыстануғылымдарыматематика, физика, химия, биология, астрофизика бағытындағы мақалалардан, гуманитарлық ғылымдартарих, риторика, тіл ғылымдары бағытындағы және жалпы танымдық мақалалалардан, қызықты оқиғалар, теоремалар мен есептерді анықтау, өнертабыстар, ғалымдардың ашылулары туралы мәліметтен тұрады. Біз балаларға күрделі заттарды жеңіл тілмен түсіндіреміз.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз